Шаң-радиация факторының қосарлы әсерiнiң кейiнгi кезеңiндегi иммуноглобулин-дердiң салыстырмалы сараптамасы


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Л.Е. Чуленбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.В. Кашанский ФБҒҰ «Екатеринбург өндiрiс орындары жұмысшыларының денсаулығын қорғау және алдын алу медицина-ғылыми орталығының» еңбектiң салалы гигиенасы бөлiмiнiң жетекшiсi
  • О.З. Iлдербаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

радиация, көмiр шаңы, иммуноглобулиндер, кейiнгi кезең, қосарлы әсер

Аңдатпа

Адам мен жануарлар ағзасының радиосезiмталдылығының басымырақ қызметтерiнiң бiрi
болып, иммунологиялық раективтiлiк болып табылады. Бұның өзгерiстерiн сәулелiк зақымдалудың клиникалық
симптомдарының пайда болуына дейiн, объектiвтi әдiстермен анықтауға болады. Радиационды әсердiң өзiндiк
ерекшелiктерiне, иммунитет жүйесiнiң жеке буындарында зақымдалудың ұзақ сақталуы және сонымен қоса кейiнгi
кезең зардаптары мен асқынулары жатады. Сонғы уақыттарда, радиационды және радиционды емес факторлардың
иммунды жүйеге қосарлы әсерi ерекше қызығушылық тудыруда. Бiздiң жұмыстың үлгiсi, кейiнгi кезеңдегi көмiр
шаңы және әртүрлi дозадағы радиация. Зерттеудiң мақсаты аз және сублетальды дозалы сәулеленудiң және көмiр
шаңының дербес және қосарлы әрекетiнiң, жануарлардың иммуноглобулиндер көрсеткiштерiне кейiнгi мерзiмдегi әсерiн
тәжiрибелiк жағдайда зерттеу болып табылды. Тәжiрибе 60 Вистар аталық егеуқұйрықтарына 6 серия бойынша
жүргiзiлдi: I топ- бақылау, II топ– көмiр шаңымен тыныс алған егеуқұйрықтар, III топ– 0,2 Гр дозалы гамма
сәулеленуге ұшыраған топ, IV топ- 6 Гр дозалы гамма-сәулелену қабылдаған топ, V топ- аз дозалы радиация мен
көмiр шаңының қосарлы әсерiне сынақталаған топ, VI топ– сублетальды дозалы радиация мен көмiр шаңының қосарлы
әсерiн сынаған топ. Зерттеу нәтижелерiнiң сараптамасы көрсеткендей, шаң-радиация факторының қосарлы әсерiне
ұшыраған егеуқұйрықтарда, кейiнгi мерзiмде маңызды өзгерiстер анықталды. Олар IgA және G мөлшерiнiң төмендеп,
IgM деңгейiнiң жоғарлауымен сипатталды. Иондаушы радиацияның көмiр шаңымен қосарлы әсерi өте айқын әрекет
көрсеттi, әсiресе иондаушы радиация басымды агент болып табылды.

Жарияланды

2026-06-14

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Чуленбаева L., Кашанский S., & Iлдербаев O. (2026). Шаң-радиация факторының қосарлы әсерiнiң кейiнгi кезеңiндегi иммуноглобулин-дердiң салыстырмалы сараптамасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 123(2), 89–97. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/1044

Журналдың саны

Бөлім

Статьи