14- 17 жас аралығындағы қыздардың жүрек–қантамыр жүйесiнiң морфофункционалдық жағдайын бағалау
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
жүрек-тамыр жүйесi, конституцияның типi, морфофункционалдық жағдайы, кардио– респираторлық жүйе, гемодинамикалық көрсеткiштер, жасөспiрiмдердiң денсаулығыАңдатпа
Бұл мақалада қыз балалардың конституция типiне байланысты жүрек-қантамыр жүйесiнiң негiзгi
көрсеткiштерi (жүректiң жиырылу жиiлiгi, систолалық қысым, диастолалық қысым, пульстiк қысым, қанның
систолалық көлемi, қанның минуттық көлемi және т.б.) қарастырылған. Кардио– респираторлық жүйенiң тиiмдiлiгiн
бағалау үшiн тыныс алу жүйесiнiң параметрлерi анықталды: өкпе сиымдылығының қабiлеттiлiгi және тiршiлiк
көрсеткiшi. Сондай-ақ, астеноидты және бұлшықеттi конституция типтерi доминанттылық көрсеттi. Қыздардың ең
максималды өсуi 13 жастан байқалды. Қанның систолалық және минуттық мөлшерiнiң көрсеткiштерi астеноидты және
бұлшықеттi типтерге қарағанда торакалды және дигестивтi типтерде төмен көрсеткiштерге ие.
Зерттеудiң нәтижелерi жасөспiрiм балаларға арналған денсаулықты сақтау және алдын алу бағдарламаларын әзiрлеу
үшiн пайдаланылуы мүмкiн.






