Республика даңғылымен түйiскен аумақтардың ластануын қылқан жапырақты ағаш өсiмдiктерiнiң күйi бойынша фитоиндикациялау


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • А.Ә. Перзадаева С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетi
  • Н.С. Ауезова С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетi
  • Ғ.К. Абилбеков С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетi
  • Ж.Е. Акшабакова С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетi
  • А.Т. Тұрғали С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетi

Кілт сөздер:

фитоиндикация, қылқан жапырақты ағаштар, хлороз, некроз, қалалық орта, ластану

Аңдатпа

Бұл жұмыста Астана қаласы Республика даңғылымен түйiскен аумақтарды кәдiмгi қарағай– Pinus
sylvestris және европалық шырша– Picea abies күйлерi бойынша биоиндикациялық зертеу нәтижелерi келтiрiлген.
Бiр қатар морфометриялық сипаттамалар бойынша (хлороздар, некроздар, өркендердiң өзгерiстерi, ұрпақ шашу
органдарының азаюы және т.б.) қала жағдайында қылқан жапырақты ағаш түрлерiнiң автокөлiк түтiндерiнiң әсерiнен
күйзелiске ұшырағандары анықталды. Қарағай қылқандарында 40%-ға дейiн әр түрлi некроз бен хлороздар байқалады.
Шыршаларда 10%-ға дейiн ала-құла хлороз байқалады. Барлық аймақтарда қылқандардың салмағы 69%-ға дейiн
азайған, бұл ағаштар биомассасының некрозға ұшырауын көрсетедi. 10 см бұтақта қылқандардың арақашықтығының
жақындау үдерiсi жүрген, себебi бақылау үлгiлерiмен салыстырғанда ластанған аймақтардан алынған қылқандар саны
1– 2 есе көп.

Жарияланды

2026-06-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Перзадаева, А. ., Ауезова, Н. ., Абилбеков, Г. ., Акшабакова, Ж. ., & Тұрғали, А. . (2026). Республика даңғылымен түйiскен аумақтардың ластануын қылқан жапырақты ағаш өсiмдiктерiнiң күйi бойынша фитоиндикациялау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 122(1), 15–21. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/1046

Журналдың саны

Бөлім

Статьи