Әртүрлі қызмет өтеу мерзімі бар әскери қызметкерлер мен жоғарғы сынып оқушыларының әскери қызметке бейімделуінің психологиялық ресурстары мен тәуекел факторлары
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-156-3-211-233Кілт сөздер:
мерзімді әскери қызмет, психологиялық тұрақтылық, мазасыздық, стресс, балалық шақтағы жағымсыз тәжірибе, тәуекел факторлары, әскерге шақырылуға дейінгі жастарАңдатпа
Әскери қызметке бейімделу – жеке тұлғалық ресурстарды жұмылдыруды, сондай-ақ эмоционалдық шиеленіс пен стрессті еңсере білу қабілетін талап ететін күрделі процесс. Зерттеудің мақсаты – әскери қызметтің әртүрлі кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің бейімделуіне байланысты психологиялық ресурстар мен қауіп факторларын анықтау, сонымен қатар білім алушы жастар арасындағы ықтимал қауіп факторларын айқындау болды. Зерттеу барысында балалық шақтағы жағымсыз тәжірибелер (ACE-10), төзімділік (PVS III-R), эмоционалдық жай-күй (DASS-21), травматикалық стресс, бейімделу әлеуеті және тұлғааралық өзара әрекеттесу сипаттамаларының көрсеткіштері бағаланды. Міндетті әскери қызмет мерзімі бес ай болғандардың 69,6%-ында және он екі ай қызмет еткендердің 63,6%-ында жоғары деңгейдегі берілгендік байқалды; тиісінше, аталған топтардың 60,9% және 63,6%-ында бақылаудың жоғары деңгейі, ал 60,9% және 63,6%-ында тәуекелді қабылдаудың жоғары деңгейі анықталды. Жалпы төзімділіктің жоғары деңгейі бес ай әскери қызметтегілердің 13,0%-ында және бір жыл қызмет еткендердің 22,7%-ында анықталғанымен, екі топта да жалпы төзімділіктің орташа деңгейі басым болды. Әскери қызмет мерзімі бес ай қызметкерлердің 95,7%-ында және он екі ай қызмет еткендердің барлығында балалық шақтағы жағымсыз тәжірибелердің төмен деңгейі анықталды. Мектеп бітіруші түлектер арасында төзімділіктің орташа деңгейі басым болғанымен (61,5%), оқушылардың 43,5%-ында депрессия, 39,1%- мазасыздық және 13,0%- стресстің жоғары деңгейі, ал 69,6%-ында стресстің орташа деңгейі анықталды. Бұл нәтижелер жастарды әскерге шақыру алдындағы даярлық кезеңінде ерте психологиялық скрининг жүргізудің, сондай-ақ стресске төзімділікті, эмоциялық өзін-өзі реттеуді және басқа да бейімделу ресурстарын дамытудың қажеттілігін айқындайды.





