Селперкатинибті RET p. C630R мутациясы бар қалқанша безінің қайталанатын медулярлық карциномасында қолдану: клиникалық жағдай


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-156-3-72-85

Кілт сөздер:

Селперкатинибті RET p. C630R мутациясы бар қалқанша безінің қайталанатын медулярлық карциномасында қолдану: клиникалық жағдай

Аңдатпа

Қалқанша бездің медуллярлық карциномасы (ҚБМК) — қалқанша без обырының барлық жағдайларының 1–5%-ын құрайтын парафолликулярлық С-жасушалардан дамитын сирек кездесетін қатерлі ісік. RET генінің соматикалық мутациялары спорадиялық жағдайлардың 40–50%-ында кездеседі және RET селективті тежегіштері үшін нысана болып табылады. 2020 жылы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA), ал 2021 жылы Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (EMA) мақұлдаған селперкатиниб (RETEVMO, Eli Lilly) қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелмеген. Бұл зерттеуде қайталанған ҚБМК, мойын лимфа түйіндері мен өкпеге метастаздары, вандетанибке төзімсіздігі және расталған RET p.C630R мутациясы бар 74 жастағы пациентте селперкатинибтің сәтті қолданылуы сипатталған. Диагностикалық тексеруге гистологиялық және иммуногистохимиялық зерттеулер, жаңа буын секвенирлеуі (NGS), контрастылы компьютерлік томография (КТ), магниттік-резонанстық томография (МРТ), ¹⁸F-FDG қолданылған позитрондық-эмиссиялық және компьютерлік томография (ПЭТ/КТ), сондай-ақ кальцитонин, карциноэмбриондық антиген, қалқанша без гормондары деңгейлерін және бауыр мен бүйрек қызметін зертханалық бақылау кірді. Жаңа буын секвенирлеуі (NGS) аллельдік жиілігі 21,14% болатын белсендіруші RET p.C630R мутациясын анықтады. Квинке ісінуінің, дәрілік препараттан туындаған бауыр зақымдануының және Стивенс–Джонсон синдромының дамуына байланысты вандетаниб қабылдау тоқтатылды. Кейіннен тәулігіне 160 мг дозада селперкатиниб тағайындалды. Үш айдан кейін, 2026 жылғы 4 наурызда жүргізілген ПЭТ/КТ жергілікті рецидив белгілерін анықтамады және өкпедегі ошақтардың метаболизмдік белсенділігінің шамамен екі есе төмендегенін көрсетті. Кальцитонин деңгейі қалыптың жоғарғы шегіне жақын тұрақты деңгейде сақталды (16,0–16,3 пг/мл). Емдеуді тоқтатуды талап ететін жағымсыз әсерлер тіркелген жоқ, ал бауыр мен бүйрек қызметінің көрсеткіштері қалыпты деңгейде қалды. Бұл клиникалық жағдай бірінші буындағы мультикиназалық тежегішке төзімсіздік болғаннан кейін RET-позитивті қалқанша бездің медуллярлық карциномасын емдеуде селперкатинибтің тиімділігі мен жақсы көтерімділігін көрсетеді, сондай-ақ оны Қазақстанда тіркеудің және пациенттер үшін қолжетімділігін арттырудың орындылығын растайды.

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мәулетбаев M. ., Майкенова A. ., & Ермекбаева B. . (2026). Селперкатинибті RET p. C630R мутациясы бар қалқанша безінің қайталанатын медулярлық карциномасында қолдану: клиникалық жағдай. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 156(3), 72–85. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-156-3-72-85

Журналдың саны

Бөлім

Статьи