Қазақстанның оңтүстік шығысында өсетін эфир майлы Artemisia schrenkiana Ledeb өсімдігі қауымдастығының ерекшелігі


Қаралымдар: 273 / PDF жүктеулері: 610

Авторлар

  • Ә. Ыдырыс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • М.Т. Мәсімжан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Н. Абдолла Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж.Т. Абдрасулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • С. Сырайыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аңдатпа

Мақалада Абай облысы Үржар ауданында өсетін Artemisia schrenkiana Ledeb өсімдігі кездесетін аумақтың өсімдіктер қауымдастығының ерекшеліктері сипатталған. Зерттеу жұмысы жалпыға бірдей геоботаникалық әдістермен жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде авторлар Artemisia schrenkiana Ledeb өсімдігі өсетін аумақтың микроклиматтық жағдайы, жер бедері құрылымы және флоралық құрамына жан-жақтылы талдау жасай отырып өсімдіктер қауымдастығынан 31 тұқымдасқа 116 туысқа жататын 163 өсімдік түрін сипаттады. Artemisia schrenkiana Ledeb өсімдігі өсетін жерлерде түрлер саны бойынша төмендегі бес тұқымдас басым болды: Астық тұқымдасы немесе қоңырбастылар (Gramineae Juss. Poaceae), Астралылар тұқымдасы (Compositae Giseke.), Алаботалар тұқымдасы (Chenopodiaceae Vent.), бұршақтар тұқымдасы (Leguminosae Juss.), Айлауықтар тұқымдасы (Boraginaceae Juss.). Ал зерттелген қауымдастықтағы өсімдіктер пайдалы қасиеттеріне қарай төмендгідей жіктелді: Малазықтық өсімдіктер 157 түр, емдік мақсатта қолданатын 38 түр, улы өсімдіктер 5 түр, эфир майлы өсімдік 10 түр, шірнелі өсімдіктер 3 түр, сәндік өсімдіктер 3 түр. Қазіргі кезде дәрілік перспективтілігі бар Artemisia schrenkiana Ledeb өсімдігі өсетін Үржар ауданы територриясындағы өсімдіктер қауымдастығына ешқандай сыртқы фактор қатты кері әсер етпеуде. Бұл өңірден болашақта пайдалы және дәрілік өсімдіктердің қорын жинастыруға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ыдырыс, Ә., Мәсімжан, М., Абдолла, Н., Абдрасулова, Ж., & Сырайыл, С. (2022). Қазақстанның оңтүстік шығысында өсетін эфир майлы Artemisia schrenkiana Ledeb өсімдігі қауымдастығының ерекшелігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 141(4), 24–36. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/194

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)