Орталық Қазақстан қымызының микробтық құрамын анықтау


Қаралымдар: 146 / PDF жүктеулері: 106

Авторлар

  • И.К. Тыныбаева ҚР БҒМ ҒК "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" РМК
  • К.Г. Ли ҚР БҒМ ҒК "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" РМК
  • З.С. Сармурзина ҚР БҒМ ҒК "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" РМК

Аңдатпа

Қымыз – бие сүтінен алынатын сүтқышқылды өнім. Орталық Азияда кеңінен қолданылатын дәстүрлі сусын. Оның құрамында дәрумендер, биологиялық белсенді заттар және түрлі микрорганизмдер бар, сол себепті денсаулыққа өте пайдалы деп саналады. Негізінен, қымызды ашытуға жауапты микроорганизмдер сүт қышқылды бактериялар болып табылады. Кейбір СҚБ тек пробиотиктер ретінде ғана қызмет етіп қоймайды, сонымен қатар биологиялық консервант ретінде қолданылады, яғни олардың ұзақ сақтап тұру сияқты пайдалы өндірістік қабілеті бар. Осы зерттеуде микроорганиздерді қымыз сүт қышқылды өнімінен оқшаулап алдық. Әрі олардың түрлері микроскоп әдісімен бағаланды. ДНҚ үлгілері бөлініп алынып, әрі қарай генетикалық идентификация жүргізілді. Сонымен, қымыз тағам өнімінен 16S рРНҚ гені бойынша Lactobacillus brevis, Acetobacter tropicalis, Lactobacillus plantarum, Lactobacillus delbrueckii, Lactococcus lactis, Enterococcus faecalis, Leuconostoc fallax, Staphylococcus hominis идентификацияладық.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тыныбаева, И., Ли, К., & Сармурзина, З. (2023). Орталық Қазақстан қымызының микробтық құрамын анықтау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 140(3), 6–13. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/210

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)