Нұр-Cұлтан қаласы Алматы ауданы топырағының геогельминттермен ластану жағдайы


Қаралымдар: 226 / PDF жүктеулері: 158

Авторлар

  • А. Зандыбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Б. Дахбай Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Б. Жантоков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Қала топырағын ластаушы негізгі көздерді,  ластаушылардың түр құрамын, мөлшерін анықтау, олардың қоршаған табиғи орта мен тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау жұмыстары  біздің елімізде әлі толық шешімі жоқ мәселелердің қатарында. Қала топырағына антропогендік қысымның артуы, аса қауіпті өңделмейтін заттардың жинақталуы, топырақ бетінің су өтпейтін қабатпен жабылуы қала топырағының құрылымы мен құрамының бұзылуына себепші болуда. Мақалада жалпы қала топырағында тіршілік ететін гельминттерді зерттеудің барысы мен өзектілігі, олардың түр құрамы, таралу жағдайлары мен ерекшеліктері, тіршілік айналымы бойынша ғылыми еңбектерге шолу жасалынған. Топырақ ортасының ластануы жан-жануарлардың, адамдардың арасында жұқпалы инвазиялық аурулардың таралуына басты фактор бола отырып, азық, тамақ өнімдерінің сапасына, жер асты және беткейлік су қорларының, атмосфера ауасы көрсеткішіне кері әсерлері болатыны дәлелденген. Қала топырағының химиялық, биологиялық, микробиологиялық ластану жағдайы, ластаушы көздер, ластанған топырақтың қоршаған ортаға әсері бойынша ғылыми зерттеулердің өзектілігі бойынша мысалдар келтірілген.   Аталған ғылыми бағытта зерттеу жұмыстардың әлемде, елімізді  жүргізілу барысы сипатталған.  Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы топырағының гельминттермен ластану жағдайына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері талданған. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының гельминттермен ластану мүмкіншілігі әр түрлі бес нүктеден  (Романенконың аралас әдісі бойынша) жылдың төрт мезгілінде алынған топырақ сынамалары зерттеуге алынды. Зерттеу нәтижесінде табылған гельминттер жұмыртқаларының түр құрамы (үшкір құрт - Enterobius vermicularis), лямблия - Giardia duodenalis және  аскарида - Ascarididae), саны (42) анықталған. Анықталған гельминт жұмыртқаларының топырақта кездесу жиілігі бойынша қоршаған ортаға қауіптілік деңгейіне баға берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Зандыбай, А., Дахбай, Б., & Жантоков, Б. (2023). Нұр-Cұлтан қаласы Алматы ауданы топырағының геогельминттермен ластану жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 140(3), 39–46. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/213

Журналдың саны

Бөлім

Статьи