Қостанай облысының темір рудасы кәсіпорындарының топтасып өскен өсімдіктер жиынтықтарды талдау


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 141

Авторлар

  • Е.А. Симанчук А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті
  • Г.Ж. Сұлтанғазина А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті https://orcid.org/0000-0002-4160-7090
  • А.Н. Куприянов Кузбас ботаникалық бағы, РҒА СБ көмір және көмір химиясы Федеральді зерттеу орталығы https://orcid.org/0000-0001-6032-8874

Кілт сөздер:

топтасып өскен өсімдіктер жиынтығы, темір рудасының үйінділері, биоәртүрлілік, техногендік ландшафт, сукцессия, сингенез, үйінділердің флорасы, үйінділердің өздігінен өсуі

Аңдатпа

Қоршаған ортаның антропогендік трансформациясы экожүйелердің барлық компоненттерінің толық немесе ішінара жойылуымен сипатталатын техногендік ландшафттардың пайда болуына әкеледі. Бұл аумақтардың биоәртүрлілігін ішінара қайта құру қалпына келтіру және өздігінен өсу арқылы мүмкін болады. Техногендік ландшафттарда өсімдік жамылғысының өздігінен пайда болуы – сингенездің үш сатысында жүретін процесс. Бұл мақалада Қостанай облысының темір рудасы кәсіпорындарының («ССКӨБ» АҚ және «Қашары руда» АҚ) топтасып өскен өсімдіктер жиынтығы сатысында – сингенездің екінші сатысында өздігінен өсу дәрежесін зерттеу нәтижелері келтірілген. Біздің зерттеуімізде барлығы алпыс үш геоботаникалық сипаттама жасалды, бізді қызықтыратын топтасып өскен өсімдіктер жиынтықтар жиырма алтыда көрсетілген.

Топтасып өскен өсімшілер жиынтығы, әдетте, патиенттермен қалыптасады, өсімдіктер арасында белгілі бір қатынастар, өзара әсер пайда болады, бірақ сипаты фрагментті болып қалады, даралар бір-бірімен трофикалық байланыстармен шамалы байланысты. Бұл кезең кең экологиялық амплитудасы бар түрлердің басым болуымен сипатталады.

Сипатталған зерттеу барысында өсімдік жамылғысының пайда болу жылдамдығы мен заңдылықтары, соның ішінде сингенездің екінші сатысында, тұзданған және тұзданбаған топырақтарда ерекшеленетіні анықталды: біріншісінде галофиттер мен ұзын тамырлы өсімдіктер басым, екіншісіне ұзын тамырлы өсімдіктер тән; және алғашқы топырақтардағы өсімдіктер қауымдастығындағы түрлердің белсенділігі едәуір жоғары, екіншісіне қарағанда, ал түрлердің саны топырақтың екі түрінде де шамамен бірдей.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Симанчук Y., Сұлтанғазина G., & Куприянов, А. (2023). Қостанай облысының темір рудасы кәсіпорындарының топтасып өскен өсімдіктер жиынтықтарды талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 144(3), 26–39. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/259

Журналдың саны

Бөлім

Статьи