Пробиотиктер және оларды балықтардың өсуі мен иммунитетін жақсарту үшін аквакультурада қолдану


Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 226

Авторлар

  • Ф.Ғ. Сағымбек Алматы технологиялық университеті
  • А.Д. Серикбаева Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • T.Б. Абдигалиева Алматы технологиялық университеті
  • Р. Елназарқызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

пробиотиктер, аквакультура, балық, бактериялардың штамы, шолу, сүт қышқылды бактериялар, азық

Аңдатпа

Азықтың қорытылуы мен сіңімділігін арттыру, жануарлардың өсуі мен дамуын ынталандыру, спецификалық емес иммунитетті арттыру үшін ферменттік, пробиотикалық, пребиотикалық және аралас ферменттік-пробиотикалық препараттар, сондай-ақ фитокомпоненттермен байытылған кешенді пробиотикалық препараттар қолданылады.

Жасанды өсірілген балыққа арналған пробиотиктер-бұл денсаулықты, өнімділікті және өсуді сақтау үшін дәстүрлі түрде аквакультура ауылшаруашылық жүйелеріне қосылатын пайдалы бактериялар және тірі микробиалды қоспалар. Сондықтан аквакультурадағы перспективалы бағыт пробиотикалық дақылдармен жемді пайдалану болып табылады. Пробиотиктерді қолдану денсаулықтың әртүрлі мәселелерін шешумен, нақтырақ айтатын болсақ ас қорыту тиімділігін арттырумен, өсу мен дамуды ынталандырумен байланысты. Пробиотиктер иесінің ағзасына оң әсер ете отырып, ас қорытуды, биологиялық мәртебені, иммундық реакцияны қалпына келтіруге ықпал етеді және вакцинацияның тиімділігін арттырады. Пробиотиктерді қолдану жануарлардағы ауруларды емдеуге кететін шығындарды едәуір азайтады, өнімділікті арттырады және өнім сапасын жақсартады. Соңғы жылдары балық шаруашылығында әртүрлі пробиотиктерді қолдану бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Бұл шолу қолданыстағы әдебиеттерді жан-жақты зерттей отырып, пробиотиктер ретінде грам-позитивті бактерияларды ықтимал қолдану тақырыбын жалпылауға бағытталған. Пробиотиктердің биологиялық тиімділігі туралы түсініктердің кеңеюімен және жасушалардың құрылымдық элементтері мен олардың метаболиттері кейбір жағдайларда кем дегенде тиімді екенін дәлелдеу болып табылады.Нәтижесінде әр түрлі балықтардың өсуі мен иммунитетін жақсарту үшін бактериялардың әртүрлі түрлері, соның ішінде бациллалар, сүт қышқылы бактериялары, микрококтар қолданылды. Алайда, бұл зерттеу аквакультурадағы пробиотиктердің жалпы балық өнімділігіне оң әсер ететінін көрсететін ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды.

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сағымбек, Ф., Серикбаева, А., Абдигалиева T., & Елназарқызы, Р. (2023). Пробиотиктер және оларды балықтардың өсуі мен иммунитетін жақсарту үшін аквакультурада қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 144(3), 16–25. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/269

Журналдың саны

Бөлім

Статьи