Семей аймағы құмырсқаларының түрлік құрамы


Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 106

Авторлар

Кілт сөздер:

Formica, Camponotus, Cataglyphis, Myrmica, Lasius, Monomorium

Аңдатпа

Мақалада Семей аймағы құмырсқаларының түрлік құрамы және биологиясы бойынша жұмыс нәтижелері көрсетілген. Құмырсақалардың негізгі түрлерінің сипаттамалары берілген. Қазіргі уақытта дүние жүзінде формицидтердің 15,800-ға жуық түрі бар, олардың 117-ға жуығы Қазақстанда кездеседі. Семей аймағы құмырсқаларын зерттеу жұмыстары 2021-2022 жылдары көктем мен жаз мезгілдерінде жүргізілді. Зерттеу жұмыстары Семей өңірінің Қарағайлы орманында, Бобровка кентінде, Бейбітшілік аралында, Птичник кентінде, Шығыс кентінде, Ескі қорған жерінде және Ертістің оң және сол жағалауындағы елді мекендерде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша формицидтердің 6 туысына жататын 25 түрі анықталды, олардың арасында  Formica, Camponotus, Cataglyphis, Myrmica, Lasius туыстарының өкілдері жиі кездеседі. оның ішінде сандық қарым-қатынастары бойынша Formica туысы 44%, Camponotus туысы 20%, Cataglyphis туысы 4%, Myrmica туысы 20%,  Lasius туысы 8%, Monomorium туысы 4%-ды құрайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Назарбеков, Ә., Қасымханова, Б., Қуанышбаева, М., & Сапарова, Г. (2024). Семей аймағы құмырсқаларының түрлік құрамы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 146(1), 76–86. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/286

Журналдың саны

Бөлім

Статьи