Шоколад және снек өнімдерін пробиотикалық дақылдармен байыту мүмкіндігін зерттеу
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 154
Кілт сөздер:
биотехнология, шоколад, пробиотикалық микроорганизмдер, мамандандырылған өнімдер, фортификацияАңдатпа
Халықтың күнделікті рационына функционалды және мамандандырылған тағамдарды енгізу арқылы зат алмасу бұзылыстарының тағамдық профилактикасы көптеген жұқпалы емес аурулардың дамуын төмендетуді шешудің тиімді жолдарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, бүгінгі таңда тұрғындардың тамақтану мен денсаулығын сақтау арасындағы байланыс хабардарлығы артып келеді, бұл тұрғындардың тамақтану тәртібінен көрінеді.
Мақалада шоколад өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен байыту мүмкіндігі туралы ақпарат берілген. Пробиотикалық дақылдардың әртүрлі бірлестіктерінің, соның ішінде әртүрлі комбинациялардағы Streptococcus lactis SL215, Streptococcus salivarius sp. thermophilus ST14, Lactobacillus acidophilus LA72, Lactobacillus delbrueckii sp bulgaricus LB50, Lactobacillus casei LC005, Lactobacillus rhamnosus LR112, Bifidobacterium bifidum BB79 штамдарының өміршеңдігі мен ферментативті белсенділігінің көрсеткіштері зерттелді. Шоколад өнімдерін Lactobacillus casei LC005, Lactobacillus rhamnosus LR112 (1:1 қатынасында) пробиотикалық микроорганизмдердің лиофилденген ұнтағымен байыту нәтижесінде өнімдердің органолептикалық және реологиялық қасиеттері жағынан айтарлықтай айырмашылықтар болмағаны анықталды. Дайын өнімдердің физика-химиялық көрсеткіштерін бағалау шоколадтың жоғары тағамдық және биологиялық құндылығын көрсетеді.