Микробиологиялық тәсілмен топырақ және құмды нығайтуға Sporosarcina pasteurii бактериясын қолдану
Қаралымдар: 175 / PDF жүктеулері: 180
Кілт сөздер:
кальцит тұнбасы, Sporosarcina pasteurii, бактериялар, құм, нығайтуАңдатпа
Бұл мақалада топырақты нығайтудың үнемді және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін биологиялық әдістер, микроағзаларды қолдану арқылы биоцемент алуды зерттеу туралы мәліметтер берілген. Зерттеу барасында екі әдіс қолданылды: микроағзалармен инъекциялау және араластыру әдісі. Әр әдістің екі түрі қолданылды, инъекциялау әдісінің фиксациялы және фиксациясыз түрі, ал араластыру әдісінің стирилденген және стирилденбеген түрі. Биоцемент алу барасында Sporosarcina pasteurii микроағзасы қолданылып, құмды нығайтуға және де құмның әртүрлі механикалық қасиеттерін жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтиже алынды.
Микробиологиялық әдіспен құмды нығайтуға кальций карбонатын (кальцит) тұндыруды қолдану мүмкіндігі артып, оның кең таралуына және зерттелуіне алып келді. Қазіргі уақытта құмды нығайтуда бұл әдістің биотехнологиялық маңызы зор, басқа технологиялармен салыстырғанда экономикалық жағынан тиімді және болашағы бар әдіс болып табылады. Зерттеу жұмысында Sporosarcina pasteurii микроағзаларды қолданып, кальций карбонатын тұндыру арқылы, құмның коллонасы нығайтылды.
Нығайтылған құмды рентгенографиялық және SEM-BSE микроскопы арқылы зерттеу барысында құмдағы кальций карбонаттарының биоцементтелгенін айқын көруге болады. Сонымен, жұмысты қорытындылай келгенде Sporosarcina pasteurii микроағзасын құмды нығайту үшін қолдануға болатыны дәлелденді. Зерттеу нәтижесінде микроағзамен фиксациялы инъекция, фиксациясыз инъекциядан құмды нығайтып суға беріктігін арттырды. Ал, араластыру әдісі бойынша стерилденген ортада бактерияларды өсіру, центрифугалау просесісіз микроағзалардың көбею белсенділігі мен кальцит кристалдарының пайда болуына теріс әсер көрсетпейді.