rCTLA-4 ақуызна моноклоналды антиденелердің иммунохимиялық қасиеттерін зерттеу және алу


Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 184

Авторлар

  • Ж.Б. Әдіш Ұлттық биотехнология орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • М. Нуртлеу Ұлттық биотехнология орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Қ.А. Турсунов
  • Қ.Н. Мұқантаев Ұлттық биотехнология орталығы
  • Е.М. Раманқұлов Ұлттық биотехнология орталығы
  • Қ.Қ. Мұқанов Ұлттық биотехнология орталығы

Кілт сөздер:

моноклоналды антиденелер, CTLA-4 рецепторы, онкология, рекомбинантты ақуыз

Аңдатпа

Моноклоналды антиденелер көптеген онкологиялық патологияларда ісік дамуының бақылау нүктелерін блоктау үшін қолданылады. Бірқатар онкологиялық патологиялар кезінде ісік дамуының маңызды бақылау нүктелерінің бірі цитотоксикалық Т-лимфоциттермен байланысқан ақуыз 4 (CTLA-4) рецепторлары болып табылады. CTLA-4 рецепторына қарсы моноклоналды антиденелер зертханалық шыққан ізгілендірілген антиденелер болып табылады. Антиденелерді гуманизациялаудың маңызды қадамы ол моноклональды антиденелерді шығаратын тышқан гибридті жасушаларын өндіру болып табылады. Бұл мақалада Escherichia coli экспрессияланған адамның рекомбинантты CTLA-4 рецепторына (rCTLA-4) қарсы тінтуірдің моноклоналды антиденелерінің зерттеулері сипатталған. Моноклоналды антиденелерді шығаратын гибридті жасуша штаммдарын алу үшін гибридомдық технология әдістері қолданылды. Нәтижесінде CTLA-4-ге моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридті жасушалар алынды. Гибридті жасуша штаммдары in vitro және in vivo жоғары өнімді белсенділікке ие. Моноклоналды антиденелер rCTLA-4 ақуызымен әрекеттеседі, IgG1 класына жатады және жоғары байланысу константасына ие. Олар rCTLA-4 рецепторымен тиімді байланысады және rCTLA-4-тің коммерциялық рекомбинантты Fc B7-1 адам ақуыздары мен резус макака PD-1 hFc әрекеттесуін блоктайды. Бұл анти-rCTLA-4 моноклоналды антиденелер адамның CTLA-4 рецепторына рекомбинантты гуманизацияланған моноклоналды антиденелерді жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жарияланды

2023-04-11

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әдіш Z., Нуртлеу M., Турсунов K., Мұқантаев K., Раманқұлов Y., & Мұқанов K. (2023). rCTLA-4 ақуызна моноклоналды антиденелердің иммунохимиялық қасиеттерін зерттеу және алу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 142(1), 57–67. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/320

Журналдың саны

Бөлім

Статьи