«Каменное» көлі шапқалындағы ботаникалық табиғи ескерткішінің флористикалық құрамы (Қостанай облысы)
Қаралымдар: 149 / PDF жүктеулері: 193
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, «Урочище Каменное озеро» табиғат ескерткіші, флора, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерАңдатпа
Қостанай облысының аумағында 15 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар. Жалпы ауданы 818 гектардан астам. Жергілікті маңызы бар «Урочище Каменное озеро» мемлекеттік табиғи ескерткішінің флористикалық әртүрлілігі зерттелді. Флористикалық зерттеулер маршруттық әдіспен 2019-2022 жылдар аралығында жүргізілді. Зерттеу жұмысының міндеті табиғат ескерткішінің флористикалық құрамын зерттеу, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді анықтау болды. Флористикалық зерттеу кезінде бес негізгі экотоптар анықталды: беткейдегі бұталы өсінділер, тік беткейдегі қайың орманы, бұталы құрғақ шалғындар, жағалаудағы шалғынды-батпақты қауымдастықтар, шалғынды-дала қауымдастығы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың флорасының қысқаша мазмұны жасалды, онда әрбір түр үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде тіршілік ету ортасы көрсетілген. Шағын аумақта (2,5 га) жоғары сатыдағы өсімдіктердің 132 туыс пен 48 тұқымдасқа жататын 177 түрі табылды. Жоғары споралы өсімдіктер 6 түрмен ұсынылған: Equisetum arvense L., E. hyemale L., E. pratense Ehrh., Athyrium filix-femina (L.) Roth., Cystopteris fragilis (L.) Bernh., Matteuccia struthiopteris (L.) Tod, ашық тұқымдыларда бір түр - Ephedra distachia L., жабық тұқымдылардың 44 тұқымдасқа жататын 171 түрі бар. Олардың ішінде Asteraceae – 31 түрі (18%), Rosaceae – 20 түрі (11,2%), Poaceae – 17 түрі (10%), Fabaceae – 10 түрі (6,0%), Lamiaceae – 9 түрі (5,1%), Caryophyllaceae – 8 түрі (5,0%) жетекші маңызға ие. Зерттелетін аумақта Қазақстанның Қызыл кітабына (2014) енгізілген үш түрі (Adonis wolgensis, Stipa pennata және Tulipa biebersteiniana) кездеседі. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер популяциясының жағдайы қанағаттанарлық.