Лактозаға төзбеушілік кезінде ішек микробиотасын модуляциялаудағы пробиотиктердің рөлі


Қаралымдар: 204 / PDF жүктеулері: 153

Авторлар

  • Н.А. Муханбетжанов National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті
  • Ж.Е. Муханбетжанова National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті
  • С.С. Кожахметов National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті
  • A.Р. Кушугулова National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті

Кілт сөздер:

ішек микробиотасы, лактоза, пробиотиктер, лактаза, ашытылған сүт өнімдері

Аңдатпа

Лактозаға төзбеушілік – тамақтанудың ең көп таралған бұзылыстарының бірі. Бұл бұзылысқа ұшыраған адамдар лактаза ферментінің генетикалық төмен экспрессиясына байланысты лактозаның көп мөлшерін сіңіре алмайды. Адамның ішек микробиотасы ішек денсаулығына, иммунологиялық тепе-теңдікке әсер ететін және лактозаны метаболиздейтін көптеген микробтық қауымдастықтарға ие. Бұл бұзылыспен күресудің бір әдісі – пробиотиктерді  қолдану. Пробиотикалық микроорганизмдер адам денсаулығына пайдалы әсеріне байланысты бүкіл әлемде функционалды тағам ретінде қолданылатын тірі ашытылған сүт өнімдерінде көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, әлемдік нарықта төмен лактоза/лактозасыз ашытылған сүт өнімдері бар, олар адам ағзасына жағымды әсер етумен қатар, лактозаның ыдырауына және азаюына ықпал етеді, осылайша лактозаны оңай тасымалдауға көмектеседі. Бұл шолу сүт өнімдерін тұтыну кезінде лактазаның адам денсаулығына жағымсыз әсерін жоюға қабілетті маңызды әзірлемелерге бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Муханбетжанов N., Муханбетжанова Z., Кожахметов S., & Кушугулова A. (2023). Лактозаға төзбеушілік кезінде ішек микробиотасын модуляциялаудағы пробиотиктердің рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 145(4), 86–96. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/352

Журналдың саны

Бөлім

Статьи