Сирек кездесетін Malus niedzwetzkyana топырақта бейімделуіне және өсуіне әсер ететін факторларды оңтайландыру


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

  • А.С. Нұртаза Ұлттық биотехнология орталығы
  • А.К. Есимсеитова Ұлттық биотехнология орталығы
  • В.К. Каримова Ұлттық биотехнология орталығы
  • Г.К. Магзумова Ұлттық биотехнология орталығы
  • Б.Н. Бақтыбай Ұлттық биотехнология орталығы
  • С.Ж. Кабиева Ұлттық биотехнология орталығы
  • А.А. Какимжанова Ұлттық биотехнология орталығы

Кілт сөздер:

микроклональды көбею, Malus niedzwetzkyana, шымтезек, тыңайтқыш, SSR маркерлері

Аңдатпа

Қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру үшін жабайы алма ағашының сәндік және сирек кездесетін түрі - Malus niedzwetzkyana отырғызу көзделеді. Жоғары сапалы отырғызу материалын алу үшін микроклональды көбею әдісі кеңінен қолданылады. Зерттеуде микроклональды көбею нәтижесінде алынған оранжерея мен жылыжай жағдайында Malus niedzwetzkyana микроөркендерін бейімделу және белсенді өсу шарттары оңтайландырылды. Бейімделу үшін тамырланған микроөркендерді топыраққа әр түрлі рН-мен отырғызылды. Нәтижелер көрсеткендей, микроөркендерді бейімдеудің оңтайлы шарты - перлитпен бейтараптандырылған шымтезек, ал суару үшін оңтайлы шешім KNO3 болып табылады, жерсінуі деңгейі 95% құрады. Жылыжай жағдайында одан әрі өсу үшін суаруға арналған тыңайтқыштың 3 түрі зерттелді: мочевина (азот), суперфосфат (фосфор), калий сульфаты (калий).

Malus niedzwetzkyana-да жерсінуінің жоғары деңгейі және барлық параметрлер бойынша ең үлкен өсім фосформен тыңайтқышпен суару арқылы алынды. Сондай-ақ, аналық ағаш пен алынған клондар арасындағы генетикалық сәйкестілікке талдау жүргізілді. HI04A08, CN444542, Aj000761 маркерлерін қолдана отырып, SSR талдауы бастапқы ағаш пен алынған клондар арасындағы толық сәйкестікті көрсетті. Бұл Malus niedzwetzkyana микроклональды көбеюі генетикалық тұрақты, сау көгалдандыру материалын алудың тиімді әдісі екенін растайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұртаза, А., Есимсеитова, А., Каримова, В., Магзумова, Г., Бақтыбай, Б., Кабиева, С., & Какимжанова, А. (2022). Сирек кездесетін Malus niedzwetzkyana топырақта бейімделуіне және өсуіне әсер ететін факторларды оңтайландыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 139(2), 70–85. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/374

Журналдың саны

Бөлім

Статьи