In vitro жағдайында отандық селекциясының жоңышқа сорттарының соматикалық ұлпаларының морфогенезімен регенерациясының ерекшеліктері


Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 45

Авторлар

  • А.К. Аргумбаева Ұлттық биотехнология орталығы
  • А.О. Рахимжанова Ұлттық биотехнология орталығы
  • А.К. Каканай Ұлттық биотехнология орталығы
  • Ш.А. Манабаева Ұлттық биотехнология орталығы

Кілт сөздер:

жоңышқа, каллус культурасы, фитогормондар, регенерант өсімдіктер

Аңдатпа

Іn vitro жағдайында отандық селекцияның жоңышқа сорттарының морфогенезі мен регенерация ерекшеліктері зерттелді, морфогенді каллус ұлпаларынан регенерант өсімдіктерін алу жағдайлары зерттелді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 70% этанол және 10% натрий гипохлоридінің ерітіндісі сияқты стерильдеу агенттерін пайдалана отырып, жоңышқа тұқымын стерильдеу хаттамасы дайындалды, бұл in vitro жағдайында жұмыс жасау үшін 100% асептикалық өміршең өскіндерді алу үшін ең жақсы нәтиже берді. Тұқымжарнақ пен өсімдік сабағынан каллус индукциясы Гамборг В5 қоректік ортасында 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д), кинетин 5,0 мг/л және нафтилсірке қышқылы (НУК) 0,1 мг/л  концентрациясында байқалды. Морфогенді каллус индукциясы құрамында 6-бензиламинопурин (БАП) 0,2 мг/л концентрациясы бар Гамборг В5 қоректік ортасында қол жеткізілді. Өркендердің одан әрі құрамында Гамборг В5 дәрумендері қосылған және Гамборг В5 гормоны жоқ қоректік ортада, сондай-ақ 0,2 мг/л кинетин қосылған ортаның жартылай құрамында дамыды. Өзгермелі жоңышқаның каллус ұлпаларынан регенерант өсімдіктерін алудың оңтайланған әдісінің тиімді екендігі анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аргумбаева, А., Рахимжанова, А., Каканай, А., & Манабаева, Ш. (2022). In vitro жағдайында отандық селекциясының жоңышқа сорттарының соматикалық ұлпаларының морфогенезімен регенерациясының ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 139(2), 97–106. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/376

Журналдың саны

Бөлім

Статьи