Жойылып бара жатқан Malus niedzwetzkyana орта мерзімді сақтау хаттамасын оңтайландыру


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 101

Авторлар

  • А.С. Нұртаза Ұлттық биотехнология орталығы
  • Д.А. Дюсембекова Ұлттық биотехнология орталығы
  • А.А. Какимжанова Ұлттық биотехнология орталығы

Кілт сөздер:

Недзвецкий алма ағашы, Malus niedzwetzkyana, биоәртүрлілікті сақтау, in vitro мәдениеті, орта мерзімді сақтау, осмотикалық агенттер, абсцис қышқылы

Аңдатпа

Биоәртүрлілікті сақтау өсімдіктердің генетикалық материалын табиғи ортадан тыс сақтау үшін ex situ тиімді әдістерін қажет етеді. Бұл тәсіл құнды, эндемикалық және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін ұзақ уақыт сақтайды. Кеңінен қолданылатын әдістердің бірі - in vitro мәдениетінде орта мерзімді сақтау. Мақалада Недзвецкий алма ағашының жойылып бара жатқан және эндемикалық түрлеріy микроклональды көбейтілген өркенін орта мерзімді сақтау нәтижелері сипатталған. In vitro сақтау қоректік орта құрамындағы осмотикалық агенттердің көмегімен жүзеге асырылды. Ол үшін өсіру шарттары зерттелді: температура (4°C және 24°C) және фотопериод (16/8 және қараңғыда өсіру), өсуді баяулататын қоректік ортаның құрамы (сахароза, маннитол, PVP, абсцис қышқылы). Зерттеу нәтижелері өркенді орта мерзімді сақтаудың оңтайлы шарты стандартты жағдайларда (24°C, фотопериод 16/8) 3% немесе 6% сахароза қосылған QL қоректік ортасы екенін көрсетті. Оңтайландырылған хаттама Недзвецкий алма ағашының экспланттарын 2 ай бойы қайта өсірусіз сақтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, экспланттарды қалпына келтіру кезеңі тез өтті, тек бір пассаж кезінде.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұртаза, А., Дюсембекова, Д., & Какимжанова, А. (2023). Жойылып бара жатқан Malus niedzwetzkyana орта мерзімді сақтау хаттамасын оңтайландыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 139(2), 107–122. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/377

Журналдың саны

Бөлім

Статьи