Коллекциялық Штамм Тrypanosoma Equiperdum-ды ағзадан тыс орталарда сақтау жолдарын қарастыру
Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 98
Кілт сөздер:
коллекциялық штамм, Тrypanosoma equiperdum, қарапайымдылар- протозоалар, консервант, стабилизатор, антикогулянтАңдатпа
Мақалада «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты»-да сақталып отырған коллекциялық штамм Тrypanosoma equiperdum-дыжасанды қоректік орталарында немесе төменгі температурада (сұйық азот -196 0С) сақтау және ұстау жолдарын қарастыру туралы жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары қарастырылған. Онда олардың өсінділік, морфологиялық, биологиялық, уыттылық, антигендік және зардаптылық қасиеттері толық сақталуы маңызды, себебі тек осындай қасиеттері толық сақталған штаммнан белсенділігі мен сезімталдылығы жоғары диагностикалық дәрмек дайындалады. Аталмыш ауруға шалдыққан асыл тұқымды айғыр мен бие емделмейді, сондықтан аурудың алдын алу мақсатында тексеруге қолданылытын диагностикумның маңызы зор. Тәжірибеде қолданылған коллекциялық штамм Тrypanosoma equiperdum тек тірі ағзада ғана сақталады яғни зертханалық жануарлар (ақ тышқан, егеуқұйрық және теңіз тышқаны), сол себепті оның алтернативтік жолдарын іздестіру маңызды болып саналады. Вирусологиялық және бактериологиялық микроорганизмдерді әртүрлі қоректік орталарда және төменгі температураларда (-196) жиі сақталғаны туралы жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарын әдеби деректерден кездестіруге болады, дегенмен қан паразиттерімен соның ішінде Тrypanosoma equiperdum штаммын тірі ағзадан (зертханалық жануарлар) тыс сақтау жолдарын қарастыру біздің тәжірибемізде алғаш рет жүргізілді. Тrypanosoma equiperdum қан паразиттері алғаш рет ауру биенің жыныстық жолдарынан бөлініп алынды, оны алғашында қоянға одан кейін ақ тышқанға, егеуқұйрыққа, теңіз тышқандарына бейімдету мақсатында бірнеше сатыда егу арқылы пассаж жасалды. Қазіргі таңда елімізде аталмыш штамм «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» паразитология зертханасында ғана сақталуда. Тrypanosoma equiperdum штаммының ерекшелігі сыртқы қоршаған ортаға өте төзімсіз, капсула спора түзбейді, жұқтырылған тышқаннан алынған сынама 1,5-2 сағатта белсенділігін жойады, яғни өледі сондықтан ағзадан тыс сақтау жолдарын іздестіру ғылыми тұрғыдан маңызды.