Биофунгицид жасау үшін Trichoderma туысы саңырауқұлағының тиімді штамдарының негізінде консорциумдарды таңдау


Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 171

Авторлар

  • Д.М. Ерпашева С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Н.Ж. Шуменова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • М.Б. Бостубаева С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • М.М. Макенова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • А.П. Науанова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

Trichoderma туысы саңырауқұлақтарының антагонистік штамдары, консорциумдар, биофунгицидтер

Аңдатпа

Қазақстан аграрлық ел болғандықтан, отандық және сыртқы нарықта сұранысқа ие және бейорганикалық аналогтармен салыстырғанда жоғарырақ бағамен сатылатын, сапалы органикалық өнімдерді өндіруге жеткілікті ресурстарға ие. Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық шараларын өндіріске енгізу шығарылған органикалық өнімдердің сапасын жақсартады, топырақты қалпына келтіруге жағымды әсер етеді. Trichoderma  туысының саңырауқұлақтары – ауылшаруашылық дақылдарының көптеген саңырауқұлақ аурулары қоздырғыштарының тиімді антагонистері және арзан қоректік орталарда тез өсуімен ерекшеленетін химиялық фунгицидтердің табиғи аналогтары. Әлемдік зерттеулер көрсеткендей, микроағзалардың бірнеше түрінен немесе штамдарынан құрылған консорциумдар бір микробтық түр немесе штаммы бар препараттарға қарағанда өсімдіктерді қорғаудың биологиялық шарасы ретінде жоғары тиімділікке ие. Осылайша, әрбір жеке консорциумда қарсы келетін культуралар әдісі бойынша үш түрлі Trichoderma штамдарын әр жеке штамның өсуі мен дамуын тежемей өсіру мүмкіндігі зерттелді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша әр штамның өсуін елеулі түрде бәсеңдетпей, үйлесімді өскен, 2, 3 және 4 нөмірлі 3 консорциум таңдалды. Сонымен қатар, зерттеулер Trichoderma  штамдарының Чапек - Докс синтетикалық ортасында емес, кебек пен сұлы ұнының негізінде дайындалған органикалық қоректік орталарда жақсы өсетінін және спораланатындығын көрсетті.  Іріктелген консорциумдар ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі ауру қоздырғыштарына қатысты антагонистік қасиеттерді қарастыру үшін кейінгі зерттеу жұмыстарында қолданылады. Сонымен қатар, конидиялардың көп мөлшері мен ұзақ сақтау мерзімін қамтамасыз ететін өсірудің оңтайлы шарттары анықталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ерпашева, Д., Шуменова, Н., Бостубаева, М., Макенова, М., & Науанова, А. (2022). Биофунгицид жасау үшін Trichoderma туысы саңырауқұлағының тиімді штамдарының негізінде консорциумдарды таңдау . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 138(1), 47–56. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/383

Журналдың саны

Бөлім

Статьи