Кербұлақ ауданының табиғи жайылымдарының қазіргі деградация жағдайын бағалау
Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 166
Кілт сөздер:
шөлейттену, табиғи жайылымдық алқаптар, жайылымдық деградация, топырақтың дегумификациясы, экологиялық трансформация, шөлді аймақ өсімдіктері, геоақпараттық жүйе (ГАЖ)Аңдатпа
Мақалада Кербұлақ ауданының табиғи жемшөп алқаптарының қазіргі жағдайы туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеу аймағы ретінде Кербұлақ ауданының Жоламан, Сарыөзек және Сарыбұлақ ауылдық округтерінің маңайындағы жайылымдар қарастырылды. Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) әдістерінің көмегімен Landsat-8 базасында ғарыштық суреттер өңделді және топырақ жамылғысының деградациялануы 1:1000000 масштабында тақырыптық карта жасалды, сондай-ақ экологиялық трансформацияның түрі және жердің бұзылуы және дегумификациялауға әкелетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге әсер ету дәрежесі анықталды. Алматы облысы Кербұлақ ауданының 2010-2020 жылдардағы жылдық жауын-шашын мөлшері мен температуралық режимінің динамикасы бойынша деректер келтірілген. Ауыл шаруашылығы малдары үшін табиғи жемшөп базасын қалыптастыратын шөл және шөлейт өсімдіктер қауымдастықтары анықталды. Мал басының санағы бойынша Ұлттық статистика комитеті келтірген деректер негізінде соңғы 10 жылдағы мал басы бойынша динамикасы сипатталған. Ауданда мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары белгіленді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Кербұлақ ауданының жайылымдарында шөлейттену процестеріне және экологиялық жағдайдың бұзылуына әкелетін ықтимал себептерді анықтауға мүмкіндік берді.