Ботулинум токсинінің клиникалық қолданылу мысалдары: әдебиетке шолу


Қаралымдар: 237 / PDF жүктеулері: 145

Авторлар

  • А.К. Жантлеуова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А.С. Каримова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б.А. Давлетов Шеффилд университеті

Кілт сөздер:

ботулинум токсині, клиникалық қолданылуы, созылмалы ауырсыну, ауырсынуды жеңілдету, анальгетиктер, мигрень, диабеттік нейропатия

Аңдатпа

Ботулинум токсині (BoNT), адамзатқа белгілі ең улы заттардың бірі, өзінің ерекше әсер ету механизмі арқылы көптеген ауруларды, соның ішінде страбизмді, блефароспазмды және гемифасиальды спазмды емдеудің тиімді құралы ретінде қолданылады. BoNT ауырсыну нейропептидтерінің экзоцитозын, соның ішінде CGRP, P субстанциясы тежеу және TRPV1, NMDA, AMPA, P2X3 сияқты ауырсынумен байланысты рецепторлардың экспрессиясын модуляциялау қабілетінің арқасында ұзақ әсер ететін анальгетик ретінде арнайы қолданылды. Ботулинум токсинінің инъекциясы көптеген ауырсыну жағдайларын емдеуде тиімді: диабеттік нейропатия, созылмалы мигрень, жұлынның зақымдануы.  Бұл мақалада PubMed дерекқорындағы нақты іздеу сұраулары бойынша мақалаларды талдау негізінде ботулинум токсинін клиникалық қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Сілтемелерді алу үшін "ботулинум токсині", "емдеу", "клиникалық қолдану", "ауырсынуды азайту" түйін сөздері қолданылды. Ботулинум токсинін клиникалық қолдану мүмкіндіктері жыл сайын кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта А және В типті ботулинум токсинінің кем дегенде 8 коммерциялық қол жетімді препараттары белгілі, олардың ішіндегі ең танымалдары Botox, Dysport және MyoBloc/NeuroBloc болып табылады. Болашақ зерттеулер қауіпсіздік профилін жақсартуға және ботулинум токсиніне негізделген препараттардың тиімділігін арттыруға бағытталуы керек. Молекулалық реинжиниринг арқылы алынған ботулинум токсинінің жаңа түрлері оның емдік тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жантлеуова A., Каримова A., & Давлетов B. (2023). Ботулинум токсинінің клиникалық қолданылу мысалдары: әдебиетке шолу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 143(2), 81–90. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/410

Журналдың саны

Бөлім

Статьи