Мидың МРТ көрсеткіштерінің жас ерекшеліктеріне қатыстылығы және оларды сандық анықтау әдістері


Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 30

Авторлар

Кілт сөздер:

мидың дамуы, ми морфологиясы, құрылымдық магниттік-резонанстық томография, үстіңгі морфометрия (SBM), жыныстық айырмашылықтар, жас айырмашылықтары, FreeSurfer

Аңдатпа

Эмоциялық-когнитивті функциялармен байланысты мидың құрылымдық даму траекторияларының қалыптасуын түсіну мидың жетілу кезеңдерін анықтау және болжау үшін маңызды ғылыми міндет болып табылады. Бұл шолу құрылымдық магниттік-резонанстық томографияға негізделген балалар мен жасөспірімдер миының анатомиялық дамуы туралы зерттеулерді жүйелі түрде қарастырады. Әдеби деректер демографиялық мәліметтерге және әдістемелік тәсілдерге байланысты әр түрлі сипатқа ие. Дегенмен, ақ және сұр заттардың арақатынасының жасқа байланысты өзгеруі, жалпы ми қыртысының қалыңдығы мен ауданы және жеке құрылымдар сияқты кейбір заңдылықтар анықталды. Зерттеу нәтижелері ми жетілуінің гетерохронды процестерін де көрсетеді. Мысалы, ми қыртысының фронтальды аймағы желке аймағына қарағанда ұзағырақ жетілу траекториясына ие.   Көптеген зерттеулер көлемдік көрсеткіштердің жоғары мәндерінде көрінетін жыныстық айырмашылықтарды анықтады. Екі жүзден астам параметрлердің мәнін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымдық магниттік-резонанстық томографияны кванттаудың заманауи әдістері талданды. Гарвард университетінің А.А. Мартинос биомедициналық бейнелеу орталығындағы есептеу нейробейнелеу зертханасы әзірлеген FreeSurfer бағдарламалық құралын пайдалана отырып, үстіңгі морфометрияның артықшылықтары анықталды. 7 жастан 20 жасқа дейінгі балалардағы эмоциялық-когнитивті функцияларға қатысты беттік морфометрия көрсеткіштерінің жасқа байланысты өзгерістеріне одан әрі эксперименттік зерттеулер жүргізу қажеттілігі негізделді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кабенова, О., Шугждейте, Р., & Кустубаева, А. (2024). Мидың МРТ көрсеткіштерінің жас ерекшеліктеріне қатыстылығы және оларды сандық анықтау әдістері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 146(1), 103–113. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/422

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Funding data