Жамбылдың «Минералды тыңайтқыштар» зауытының өңірлік экологиялық жағдайы мен халықтың демографиялық ахуалына әсері


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 256

Авторлар

  • Б.С. Имашева Балаларды оңалту ұлттық орталығы
  • Қ.А. Асқаров Балаларды оңалту ұлттық орталығы
  • Е.Т. Тоқбергенов Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы

Кілт сөздер:

экологиялық жағдай, қоршаған орта, ластану нысандары, атмосфералық ауаны ластаушылар, эпидемиологиялық зерттеу

Аңдатпа

Мақала «Қазфосфат» ЖШС филиалы - «Минералды тыңайтқыштар» зауыты орналасқан Тараз қаласындағы экологиялық жағдайды зерттеуге арналған. Зерттеу «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы» ЖМНИ OR12165486 ғылыми жобасы шеңберінде орындалды.

Зерттеу нәтижесінде Тараз қаласының атмосфералық ауасындағы ауыр металдардың тіркелетін концентрациясы рұқсат етілген тәуекел регламентінің деңгейінде немесе одан жоғары болды да, химия өнеркәсібі кәсіпорындары шығарындыларының тікелей әсері анықталды. Тараз қаласының атмосфералық ауасын дәстүрлі ластаушылар қауіптілігінің жиынтық индексі тыныс алу жүйесі үшін жоғары екендігі белгілі болды. Тараз қаласының атмосфералық ауасындағы қалған ластауыштардың орташа жылдық концентрацияларының мәндері, олардың референттік деңгейлерінен шамалы жоғары екендігі анықталды.

Тараз қаласының экологиялық жағдайын зерттеу нәтижесінде, «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауытының өнеркәсіптік аймағынан анықталған заттардың әсерінен қалыптасқан, заттардың кең спектрі (көміртек (күйе, қара көміртек), аммиак, шекті С12-С19 көмірсутектері, бенз(а)пирен, азот (IV) диоксиді, фторлы сутегі, күкірт диоксиді, қорғасын және кремний диоксидінің бейорганикалық шаңы) атмосфералық ауаны ластауы орын алды. Олардың әсерінен халықтың денсаулығына қаупі анықталған өлім-жітімді, тыныс алу жүйесі аурулары мен қатерлі ісіктер деңгейінің төмендету үшін ең алдымен Тараз қаласындағы экологиялық жағдайды сауықтыруға бағытталған жоспарлы табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеуді және жүргізуді талап етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Имашева, Б., Асқаров, Қ., & Тоқбергенов, Е. (2023). Жамбылдың «Минералды тыңайтқыштар» зауытының өңірлік экологиялық жағдайы мен халықтың демографиялық ахуалына әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 144(3), 82–94. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/427

Журналдың саны

Бөлім

Статьи