Көк кептердің (Columba Livia) Қазақстанның қалалық жерлерінде таралуы мен экологиясы
Қаралымдар: 114 / PDF жүктеулері: 84
Кілт сөздер:
көк кептер, Columba livia, eBird, қалалық экожүйе, экологиялық индикаторАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның қалалық аудандарында көк кептердің (Columba livia) таралуы мен экологиясы зерттеледі. Көк кептерлердің әлемде кең таралуына қарамастан, зерттеушілер бұл түрді назарға алмай жатады. Олардың таралуы мен экологиясын түсіну - қала экожүйесіне әсерін білуде және экологиялық индикатор ретіндегі әлеуетін бағалауда маңызы зор.
Бұл зерттеуде eBird ашық деректерін пайдалана отырып, Қазақстанның барлық өңірі мен Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда көп кептердің таралуы туралы айтылады. 2007 жылдан 2021 жылға дейінгі деректер түрдің қалалық жерлерде таралуы туралы мәлімет береді. Зерттеуде олардың аталған маңда кездесу дәрежесі, маусымдық өзгерістері мен аймақтарды қамту пайызы туралы нәтижелер бар.
Нәтиже бойынша, көк кептердің Қазақстанда тұрақты түр екенін және аздап миграция жасайтыны айтылады. Олар көптеген урбанистикалық аймақтарда тұрақты әрі кең таралған. Сондай-ақ, зерттеуде көк кептердің көп шоғырланған аймақтары анықталады.
Зерттеу қорытындысы бойынша көк кептерді антропогендік ландшафттардағы қоршаған ортаның ластануының биоиндикаторлары ретінде пайдалану үшін үздіксіз мониторинг пен зерттеу жүргізу қажеттігін көрсетті. Нәтижелер орнитофауна алуандығын қолдайтын тұрақты және үйлесімді қалалық экожүйелерді басқаруда пайдалы бола алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Funding data
-
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Grant numbers No. AR09260933