Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ағаш жартылай қаттықанаттыларының (Hemiptera, Heteroptera) биологиясы мен экологиясы
Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 92
Кілт сөздер:
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, ағаш жартылай қаттықанаттылары, HeteropteraАңдатпа
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан ағаш жартылай қаттықанаттыларын зерттеу нәтижесінде 8 тұқымдасқа жататын 35 түр анықталды. Бұлардың ішінде түр құрамы жағынан басым Miridae тұқымдасы (9 түр), Pentatomidae тұқымдасы (8 түр), Anthocoridae тұқымдасы (7 түр), қалған 5 тұқымдастан 1-3 түрден белгілі болды. Ағаш жартылай қаттықанаттылары тіршілік ету ортасына қарай дендробионт (22 түр), дендро-тамнобионт (2 түр), дендро-тамно-хортобионт (4 түр), дендро-хортобионт (6 түр) болып бөлінеді. Ағаш жартылай қаттықанаттылары қоректік байланысы жағынан зоофагтар (14 түр), зоофитофагтар (6 түр), фитофагтар (12 түр) және мицетофагтар (3 түр) болып бөлінеді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ағаш жартылай қаттықанаттылары жыл сайын беретін ұрпақ санына қарай 4 топқа бөлінеді: моновольтинді (27 түр), бивольтинді (1 түр), поливольтинді (4 түр), ациклді (3 түр). Зерттеу аймағындағы түрлер экологиялық жағынан мезофилді түрлер. Жартылай қаттықанаттылар көптеген түрлерде қыстау кезеңі ересек дарасы сатысында (20 түр), жұмыртқа сатысында (10 түр), ересек дарасы және дернәсіл сатысында (4 түр), дернәсілдері сатысында (1 түр) өтеді.