Қарағанды облысы Үлкен Сарыкөл көлінің гидроэкологиялық көрсеткіштері


Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 180

Авторлар

  • Л.Х. Акбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Е.М. Панғалиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Н.С. Мамытова Қазақ технология және бизнес университеті
  • Н.К. Кобетаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Г.Т. Кыздарбекова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Кілт сөздер:

су қоймалары, фитопланктон, зоопланктон, зообентос, трофтылық, сапробтылық

Аңдатпа

Мақалада Қарағанды ​​облысы Абай ауданының шығысындағы Үлкен Сарыкөл көлінің жалпы экологиялық жағдайы зерттелген. Су қоймасының морфометриялық өлшемдері, гидрохимиялық құрамы, көл түбі шөгінділерінің құрамы, жағалаудағы су өсімдіктерінің сан алуандығы мен сандық көрсеткіштері, фито- және зоопланктондардың, су түбіндегі организмдер мен балық популяциясының алуан түрлілігі мен сандық көрсеткіштері бойынша үлгілерді зерттеу жүргізілді. Су түбі шөгінділері құрамындағы сульфаттарды және жылжымалы күкірттерді зерттеу нәтижелері сульфаттың белсенді тотықсыздануын көрсетеді. Гидрологиялық мәліметтерге сәйкес, далалық аймақ көлі болып саналатын Үлкен Сарыкөл көлі өзінің суы мол кезеңін бастан кешуде. Көлдің суы әлсіз тұзды, натрий-гидрокорбанатты-хлоридті типті, қышқылдығы - бейтарап, аздап сілтілі және зиянды қоспасыз, балық шаруашылығы үшін қолайлы. Үлкен Сарыкөл көлінің түрлік әртүрлілігі негізінен планктондық және бентикалық организмдердің кең таралған түрлерімен, нектонмен және трофизмнің мезотрофиялық, сондай-ақ эвтрофикацияның β-мезосапробты түрімен анықталған. Жұмыстың нәтижелері Қарағанды ​​облысының су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға бағытталған шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдалы болуы мүмкін, өйткені зерттелетін су объектісі осы аймаққа тән көл болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Акбаева L., Панғалиев E., Мамытова N., Кобетаева N., & Кыздарбекова G. (2023). Қарағанды облысы Үлкен Сарыкөл көлінің гидроэкологиялық көрсеткіштері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 145(4), 120–132. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/480

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)