Астана қаласының саябақ аймақтарының флорасын талдау


Қаралымдар: 256 / PDF жүктеулері: 390

Авторлар

  • Ж.Г. Берденов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • А.Ж. Нурсафина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Ж.И. Инкарова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • П.С. Дмитриев М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • К.М. Асылбеков Ә. Марғұлан атындағы археология институты
  • К.М. Сагинов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Кілт сөздер:

Астана қаласы, агломерация, саябақ аймағы, биотоптар, биоалуантүрлілік

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Астана қаласының саябақ аймақтарының флорасы жан-жақты зерттелген. Қалалық инфрақұрылымның қарқынды өсуі мен жасыл аймақтар қатарының кеңейуіне байланысты, флораны зерттеу қала экожүйесін басқару мен сақтаудың негізгі аспектісіне айналуда. Зерттеу жұмыстары Астананың әртүрлі саябақтары мен скверлеріндегі өсімдіктер жамылғысы үлгілерін жинау мен оларға систематикалық талдау жүргізуді қамтиды. Өсімдіктер қауымдастығының құрамын және түрлік алуантүрлілігін анықтау үшін таксономия, фитосоциология және экология әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері Астана саябақтарындағы биоалуантүрліліктің маңыздылығын және оның қоршаған ортаның сапасына әсерін көрсетеді. Флораны талдау индикаторлық түрлерді анықтауға және жасыл аймақтарды басқаруды жақсарту мен қаланың табиғи ресурстарын сақтау үшін ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ғылыми мақалада, қалалық жоспарлау және Астана қаласының тұрақты дамуы үшін құнды деректер мен ұсыныстар берілген, сонымен қатар қалалық экология және табиғи ресурстарды басқару саласының одан әрі зерттеулеріне негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Берденов, Ж., Нурсафина, А., Инкарова, Ж., Дмитриев, П., Асылбеков, К., & Сагинов, К. (2023). Астана қаласының саябақ аймақтарының флорасын талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 145(4), 109–119. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/484

Журналдың саны

Бөлім

Статьи