Құстар миграциясының құс тұмауы вирусының Қазақстанда таралуына әсері
Қаралымдар: 250 / PDF жүктеулері: 372
Кілт сөздер:
құс тұмауы вирусы, жоғары птаогенді құс тұмауы, қоныс аударатын құстар, мониторинг, үй құстарыАңдатпа
Құс тұмауы үй құстары үшін белгілі ірі қауіпті аурудың бірі болып табылады. Құс фабрикаларындағы тұмау ауруының таралуы әдетте үй құстарының барлық популяциясының толықтай жойылу себебінен, барлық дүние жүзі бойынша елеулі экономикалық шығындарға әкеп соқтыруда. Қоныс аударатын құстар, әсіресе суда жүзетіндер, құс тұмауы вирусының табиғи резервуары болып табылады. Олар қоныс аудару жолында патогенділігі жоғары вирустардың пайда болуына әкеп соғатын, антигенді дрейф пен антигендік жылжу тудыратын вирустың әр түрлі штаммдарымен өзара алмасады және таратады. Олардың маусымдық қоныс аударуы вирус популяциясының генетикалық құрылымының қалыптасуында маңызды рөль атқарады. Бұл құс тұмауы вирусының эволюциясы жайлы өзекті білімді жалғастырып және жаңа эпизоотикалық және эпидемиялық ауру ошақтарын алдын алу үшін әр түрлі аумақтарда үнемі мониторинг жүргізуді талап етеді.