Bacteroides fragilis бактериясының карбапенемге төзімділіктің молекулалық механизмдері
Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 9
Кілт сөздер:
төзімділік, Bacteroides fragilis, бета-лактамаза, карбапенем, ген, ингибитор, анаэроб, антимикробтық препаратАңдатпа
Карбапенемдер көп жағдайда кең спектрлі белсенділікпен үйлесу, жылдам бактериоцидтік әсері арқасында, антибактериялық препараттардың басқа класымен салыстырғанда төзімді штамдарды селекциялауда біршама потенциалға және жақсы төзімділікпен антибактериялық препараттардың ішінде ең сәтті тобы болып табылады. Карбапенемдер грам-оң, сонымен бірге грам-теріс бактерияларға да қарсы тұратын, кең спектрлі антимикробтық құрал болып келеді. Bacteroides fragilis - моно- және полимикробтық инфекция кезінде клиникалық зертханаларда жиі бөлініп алынатын және өте маңызды бактериялардың бірі болып табылады. Bacteroides fragilis макролидтер, бета-лактамдар, метронидазол мен кейбір жаңа фторхинолондарға да төзімділік танытады. Карбапенемге төзімділік - емдік шарада шамадан тыс көп қолданылу нәтижесінде қарқынды дамып келе жатқан мәселе ретінде қарастырылады. Карбапенемге бактериялық төзімділіктің дамуының молекулалық механизмдері бірнеше факторларды қамтиды. Бірінші мехнанизм эффузионды жүйе арқылы препараттарды экспорттау нәтижесінде микроорганизмдердің мульти-дәрілік төзімділіктің туындауымен байланысты. Бұл процесс бактерияларға антибиотиктік теріс әсерінен аулақ болуға мүмкіндік береді. Екінші механизм - бета-лактамаз синтезімен B. fragilis-тің бета-лактамды қосылыстарға төзімділік орнатуы. Бұл ферменттер бета-лактамды антибиотик сақинасын гидролиздеп, оның белсенділігін төмендетеді. Үшініші механизм - пенициллин байланыстыратын ақуыздардағы (ПБА) өзгеріс кейбір бактерия түрінде карбапенемге деген төзімділік танытады. ПБА кодтайтын гендердегі мутациялар карбапенемдердің осы ақуыздарға жақындығын өзгерте алады, бұл олардың антибиотиктің әсеріне сезімталдығын азайтады. Төзімділік таныту кезінде cfiA генінің маңыздылығы зор, әсіресе B. fragilis үшін. Олр карбапенемдерге және басқа бета-лактамды антибиотиктерге төзімділік тудыратын ақуыздарды кодтайды. Бұл ген әртүрлі бактериялар арасында көлденең тасымалдануы мүмкін, бұл төзімділіктің таралу қаупін жоғарылатады. Антимикробтық препараттарға төзімділік механизмін түсінудің маңыздылығы ол, асқынған ауыр инфекцияларды емдеуде және алдын ала болдырмау мақсатында альтернативті антимикробтық препараттарды таңдау кезінде қателік жасамау болып табылады. Берілген мақалада, B. fragilis штамдарының карбапенемге төзімділік танытуына әсер ететін бірнеше механизмдері қарастырылған. Бета-лактамазға тәуелді карбапенемдердің төзімділігі тасымалданатын генетикалық элементтермен сезімтал штамдармен пайда болуы мүмкін ең жиі таралған және клиникалық маңызды төзімділік механизмі болып табылады.