Емтихан стресінің әр-түрлі соматотиптері бар білім алушылардың алаңдаушылық деңгейіне және тыныс алу көрсеткіштеріне әсері
Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 17
Кілт сөздер:
алаңдаушылық, өкпeнің тіpшілік cыйымдылығы (ӨTC), дeм алyдың peзepвтік көлeмі (ДАPK), дeм шығаpyдың peзepвтік көлeмі (ДШPK), соматотипАңдатпа
Мақалада емтихан стресі барысындағы әр-түрлі соматотипі бар білім алушылардың алаңдаушылығының ситуативті және жеке мазасыздық деңгейінің, cыpтқы тыныc алy көpceткіштepінің оның ішіндe: тыныc алy жиілігінің (ТАЖ), тыныc алy көлeмінің (TАK), өкпeнің тіpшілік cыйымдылығының (ӨTC), дeм алyдың peзepвтік көлeмінің (ДАPK), дeм шығаpyдың peзepвтік көлeмінің (ДШPK) көрсеткіштері анықталған.
Қазіргі кезде студенттердің денсаулығы үлкен назар аударуды қажет етеді, себебі студенттер біздің мемлекетіміздің тұрғындарының өкілдік топтарының бірі болып табылады. Жас ұрпақтың денсаулығы биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерінен қалыптасады. Экзогендік факторларға олардың организмінің төзімділігін сақтау, қоршаған ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделу қабілеті - білім алушылардың физикалық даму жағдайына, мүшелері мен жүйелерінің жұмысына байланысты болады. Жоғары білімге тән факторлар кешеніне қазіргі оқыту жағдайында бейімделу - организмнің компенсаторлық жүйелерінің айтарлықтай шиеленісімен жүретін күрделі және де көп деңгейлі әлеуметтік-психофизиологиялық процесс болып табылады.
Мазасыздық - бұл адамның, эмоционалды немесе физикалық стрестің жоғарылауынан туындайтын, психикасының жай-күйі, нақты әлеуметтік жағдайларда, мазасыздық пен қорқынышты сезіну үрдісі. Мазасыздық және эмоционалды тұрақтылық факторларын зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, уақыт кеңістігінде стреске, созылмалы психоэмоционалды шиеленіске және әл-ауқатқа қорқыныш әкелетін субьектінің қазіргі өмірінің экстремалды сипаты мен динамикасымен анықталады.
Тыныс алу жүйесінің гомеостазы оның қалыпты қызмет атқаруының міндетті шарты болып табылады және бірқатар физиологиялық механизмдер көмегімен қамтамасыз етіледі, солардың ішіндегі өкпенің кондициялаушы қызметі ерекше маңызды орын алады. Жұтылатын ауа температурасы мен ылғалдылығының дене жағдайларына сәйкес келтіру - тыныс жолдарындағы жылу-масса алмасудың күрделі процесстерінің арқасында жүзеге асырылады. Қалыпты жағдайдағы және әсіресе, тыныс алу жүйесі патологиясы кезіндегі бұл процестің көптеген аспектілері пікірталасты мәселе болып отыр.
Біздің зерттеуімізде әр-түрлі соматотипі бар бірінші курс студенттерінің оқу жағдайларына бейімделуі және физикалық кабілеттілігінің төмендеуі, емтиханнан кейінгі физиологиялық көрсеткіштерінің өзгергендігі байқалды.
Зерттеу барысында бірінші курс студенттері арасында астеник соматотипі анықталған студенттерде жеке және ситуативті мазасыздық деңгейінің өте жоғары көрсеткіші анықталды, бұл мазасыздықтың жоғарылауы студенттерде болып жатқан жағдайға эмоционалды бейімделудің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Мазасыздықтың жоғары деңгейі адамның психикалық денсаулығына қауіп төндіреді, невротикалық жағдайлардың дамуына ықпал етеді. Үнемі мазасыздықтың жоғары деңгейін психосоматикалық патологияның дамуына әкелетін жағдай ретінде қарастырады.
Мақалада емтихан стресі барысында бірінші курс студенттерінің тыныс алу жүйесінің көрсеткіштерінде үлкен өзгерістер анықталған: гиперстеник-студенттермен және астеник-студенттермен салыстырғанда, нормостеник-студенттердің гемодинамикалық көрсеткіштері айтарлықтай жоғары, бұл емтихан стресінің студенттердің тыныс алу жиілігінің жоғарылауына әсерін көрсетеді, бұл көп дәрежеде - тыныс алу көлеміне және аз дәрежеде - тыныс алу жиілігіне байланысты болады.