Антибиотиктерге төзімді штамдар мәселесі және оның шешімі


Қаралымдар: 27 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

Кілт сөздер:

антибиотиктерге төзімділік, штаммдар, микроорганизмдер, антибиотиктер, әрекет спектрі

Аңдатпа

Антибиотиктерге төзімділік бүкіл әлем бойынша жаһандық денсаулық мәселесі және микробқа қарсы тұрақтылықтын бір түрі болып табылады. Оны шешу жаһандық ауқымдағы келісілген күш-жігерді қажет етеді. Антибиотиктерге төзімді негізгі микроорганизмдер: Enterococcus spp., Staphylococcus aureus, Klebsiella pneumonia, Acinetobacter baumannii, Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Helicobacter pylori. Көптеген елдерде антибиотиктерге төзімділіктің дамуын болдырмауға, сондай-ақ микробқа қарсы белсенділігі бар жаңа препараттарды жасауды ынталандыруға бағытталған бағдарламалар бар. Көптеген ғылыми еңбектер осы тақырыпқа арналған. Қолда бар микробқа қарсы препараттарды олардың белсенділік спектрін және негізгі қоздырғыштардың антибиотиктерге төзімділік бейінін ескере отырып ұтымды пайдалану қажет болып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты әлемде өсіп келе жатқан антибиотиктерге төзімділікпен күресуге бағытталған шараларды зерттеу болды. Бұл мәселесін дамуынын негізгі себептері және антибиотиктерге төзімділік механизмдері көрсетілген. Механизм негізінен фенотиптік және генетикалық сипаттағы микрорганизмдердің эволюциясымен байланысты. Антибиотиктерге төзімді штаммдарға талдау жүргізілді, олардың сипаттамалары берілді, бактерияға қарсы препараттарға төзімділікті зерттеу әдістері көрсетілді. Сезімталдықты бағалау үшін диффузиялық әдіс және сұйылту әдісі сипатталған. Антибиотиктерге төзімділік мәселесі әртүрлі бөлімшелерде, әсіресе хирургиялық, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде көптеген зерттеулермен расталды. Қазақстанда антибиотиктерге төзімді негізгі қоздырғыштарға Acinetobacter spp., Enterococcus spp., Haemophilus influenza, Pseudomonas spp., стрептококктар, стафилококктар және энтеробактериялар жатады. Бұл мәселенің алдын алудын негізгі шаралары антибиотиктерді қолдануды бақылау, жана препараттарды, атап айтқанда жана антибиотиктерді және осы микроорганизмдер негізінде бактериялық лизаттарды жасау болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ануарбекова, С., & Тыныбаева, И. (2024). Антибиотиктерге төзімді штамдар мәселесі және оның шешімі . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 148(3), 58–80. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/584

Журналдың саны

Бөлім

Статьи