Абиотикалық стресстердің биомолекулаларға әсері


Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • К.Е. Жанасова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Б. Курманбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.К. Масалимов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-137-4-92-104

Кілт сөздер:

абиотикалық стресс, құрғақшылық, температура, биомолекула, липидтер, ақуыздар, ДНҚ, антиоксидантты қорғаныс

Аңдатпа

Өсімдіктер табиғи ортада үздіксіз әр түрлі абиотикалық шабуылдарға ұшырайды, бұл өсімдіктің өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде, өсімдіктер морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық деңгейлерде қоршаған ортаның ауыр жағдайларына қарсы тұруға, бейімделуге немесе тірі қалуға көмектесетін ерекше механизмдерді іске қосады. Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлері өсу мен фотосинтездің тежелуіне, стоматалардың жабылуына, өсімдік түсінің өзгеруіне және өсімдіктерде ОБФ-ның улы түрлерінің жинақталуы сияқты бұзылулар тудырады. Алайда, қазіргі уақытта оттегінің белсенді формаларының (ОБФ) рөлі туралы көптеген ақпарат бар. Өсімдіктерде күн сәулесі, температура, тұздың мөлшері, ауыр металдар, ауа мен судың ластануы, ультрафиолетті сәулеленуі  оттегінің белсенді формаларының (ОБФ) пайда болуына ықпал ететіні белгілі. ОБФ өсімдік жүйелеріне құрылымдық жағынан зиян келтіреді, олардың тепе-теңдігі мен тотығу стрессінің бұзылуына әкеледі. Тиісті бақылаусыз жасушалардағы ОБФ мөлшері жоғарылап, мембраналарға (липидтердің асқын тотығуы), ақуыздарға, РНҚ мен ДНҚ молекулаларына зақым келтіреді, тіпті жасушалардың өлуіне әкеп соғуы мүмкін. Өсімдіктердің түрлі тітіркендіргіштерге қалай әсер ететінін және оларға төзімділікті дамытатындығын түсіну өте маңызды.

Бұл шолу мақаласы әртүрлі абиотикалық стресстерге жауап ретінде тотығу стрессінің биомолекулаларға әсерін қысқаша шолуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жанасова, К., Курманбаева, А., & Масалимов, Ж. (2025). Абиотикалық стресстердің биомолекулаларға әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 137(4), 92–104. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-137-4-92-104

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)