Радон тудырған өкпе ісігі үшін жаңа молекулалық биомаркер ретіндегі circRNAs
Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-137-4-113-123Кілт сөздер:
circRNAs, микроРНҚ, өкпе обыры, биомаркерлер, радонАңдатпа
CircRNAs кодталмаған тұйық РНҚ молекулалары болып табылады. Адам ісіктерін, соның ішінде өкпе обырын зерттеу circRNAs a экспрессиялық профилінің өзгеруін көрсетті. circRNAs miRNA функцияларымен байланысу және тежеу арқылы ген экспрессиясын жанама түрде реттей алады. Осы механизм арқылы circRNAs пролиферацияны, апоптозды, инвазияны және метастазды реттей алады. Мақалада біз circRNAs-тың экспрессиясы мен функциясының қысқаша сипаттамасын, сондай-ақ олардың өкпе ісігінің дамуындағы әртүрлі рөлдерін көрсетеміз. Біз молекулаларды радон тудырған өкпе ісігі үшін пайдалы биомаркерлер ретінде зерттеу керек екендігі туралы дәлелдер келтіреміз.






