Іле-балқаш бассейінде мекендейтін ондатр популяциясының морфологиялық көрсеткіштерін бағалау
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-136-3-6-12Кілт сөздер:
Ондатр, Іле-Балқаш бассейні, макрофит, лимит, эвтрофтАңдатпа
Соңғы онжылдықта Қазақстанда ондатрлардың (Ondatra zibethicus) таралуына, санына, құрлымына зерттеулер жүргізілмеген. Ондатрдың терісі бағалы аң терісі болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта Ondatra zibethicus-тың өте аз болуы, санының кеміп кетуі, Қазақстан және бірқатар елдер үшін биоалуантүрліліктің өзгеруіне алып келуде. Жұмыстың мақсаты - ондатраның тіршілік ету ортасын, Іле-Балқаш өзен-көлдерінде тіршілік ететін ондатрлардың популяциясының морфологиялық көрсеткіштерін кешенді зерттеу. Мақалада ондатр тіршілігіне зерттеулер мен ондатрдың таралуы туралы мәліметтер келтірілген, Іле-Балқаш бассейндер жүйесіндегі ондатрдың (Ondatra zibethicus) таралуы, саны, тығыздығы және қазіргі жағдайына әсер ететін себептері қарастырылды. Іле-Балқаш бассейндер жүйесіндегі ондатр іріктемесінің жас және жыныстық құрамы, оңтүстік Балқаштың ересек ондатр даралардың денесінің салмағы және мөлшері көрсетілген. Бастапқыда ондатр үшін табиғи жаулары, сондай-ақ ауру қоздырғыштары болмады, сондықтан ондатр саны қарқынды өсті. Ондатр көбеюі үшін аз уақыттың өзі жеткілікті. Алайда соңғы уақыттарда ондатр саны төмендеуде, өйткені ондатрдың көп аулануы, қорек құрамының өзгеруі, жыртқыш аңдардың ондатрды қорек етуі барлығы ондатр санының кемуіне алып келуде. Іле-Балқаш бассейнінде ондатрлар көптеп мекендейді себебі Іле-Балқаш бассейнінде көптеген көлдер, бұлақтар, өзен арналары бар, олар ондатр үшін қажетті азық-түлік қорына бай, ін салуға және қорым орнатуға ыңғайлы. Халық шаруашылығында бос жерлер мен экологиялық биотоптарды пайдалану мақсатында Қазақстанда ондатрды жерсіндіру, фаунаны өзгерту мен байытуға бағытталған әдіс болып табылады.