Молибден және өсімдіктердің вирустық инфекцияға төзімділігі


Қаралымдар: 17 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

  • Т. Ергалиев Гогенгейм университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-63-70

Кілт сөздер:

молибден, TBSV, өсімдік, вирус, вирусқа төзімділік, жұқпалылық

Аңдатпа

Молибден өсімдіктердің және басқа салаларының өсуі мен дамуына қажетті бірнеше физиологиялық процестерге белсенді қатысады. Молибден көптеген биохимиялық реакцияларға қатысады және бұл металдың жетіспеуі өсімдіктердегі ақуыздардың жалпы санына әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта құрамында Mo бар елуден астам ферменттер белгілі, дегенмен олардың көпшілігі бактериялардан табылған. Өсімдіктерде нитратредуктаза, сульфитоксидаза, альдегид оксидаза, ксантин дегидрогеназа және митохондриялық амидоксимредуктаза сияқты Мо бар ферменттер бар. Вольфрам – да ауыр металл, ол молибденмен өзінің физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты өте ұқсас келеді. Мұндағы ферменттің жанама факторы ретінде соңғысының орнына қосылуы мүмкін, бұл оның инактивациясына әкеледі. Бұл мақалада пилоттық эксперименттің алдын-ала нәтижелері келтірілген.

Жарияланды

2023-02-16

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ергалиев T. . (2023). Молибден және өсімдіктердің вирустық инфекцияға төзімділігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 135(2), 63–70. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-63-70

Журналдың саны

Бөлім

Статьи