Түркістан қаласының орнитофаунасының қазіргі жағдайы және оның құрамының маусымдық өзгеруі
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-134-1-30-37Кілт сөздер:
қала орнитофаунасы, Түркістан қаласы, биоалуантүрлілік, трансформация, орнитоцен, урбанизацияланған ландшафт, маусымдық өзгерісАңдатпа
Мақала 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген бақылауларға негізделген және онда Түркістан қаласының орнитофаунасының таралу ерекшелігі және маусымдық өзгерістерін зерттеу материалдары келтірілген. Негізгі зерттеу әдісі – маршруттық және 5-минут аралық бақылау. Зерттеу нәтижесінде Түркістан қаласының түрлі ландшафты аудандарында құстардың 11 отрядына жататын 70 түрі мекендейтіні анықталды. Олар: Кептертәрізділерден 5 түр, Торғайтәрізділерден 45 түр Сұңқартəрізділерден 6 түр, Дегелектəрізділерден 2 түр, Тентекқұстəрізділерден 1 түр, Жапалақтəрізділерден 2 түр, Тоқылдақтəрізділерден 2 түр, Көкқарғатəрізділерден 2 түр, Көкектәрізділерден 1 түр, Ұзынқанаттəрізділерден 2 түр және Тауықтəрізділерден 2 түр тіркелді. Құстар алуантүрлілігі маусым бойынша өзгереді. Қыста -14, көктемде-51, жазда –63 және күзде 39 түр есепке алынды. Территория бойынша құстардың орналасуы да маусымға қарай өзгереді. Қорек құрамының негізгі компоненті бойынша жәндікқоректі (51,0 %) және дәнқоректі (43,0 %) құстар жетекші орын алды. Ең көлемді спектр саябақ учаскелерінің аумағында кездеседі: онда 20-ға дейін түрлер тіркелген. Ашық алаңдар мен көп қабатты құрылыстардың орнитофаунасы кедей - онда 9 түр кездеседі және оның 5-і ұя салады. Қаладағы құстардың санын анықтау барысында доминант бірнеше түрлер анықталды. Олар: қарғатектестер (Corvidae) тұқымдасынан сауысқан-Pica pica, қара қарға- Corvus corone, нағыз торғайтектестер тұқымдасынан (Passeridae) үй торғайы-Passer domesticus.