Адам геномы – Homo sapiens эволюциясының кілті


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • К. Шварц GSI (Гельмгольц атындағы ауыр иондарды зерттеу орталығы)
  • M. Сорокин «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-134-1-38-45

Кілт сөздер:

геном, археогенетика, Homo sapiens, неандертальдар, денисовандар, когнитивтік революция

Аңдатпа

Қазіргі адамның эволюциясы екі жарым миллион жыл бұрын Homo erectus-тен басталған. Бірнеше жүз мың жылдар бұрын неандертальдар, денисовандар және біздің заманымызға дейін сақталған Homo sapiens қазіргі адамдар Homo erectus-тен бөлініп шықты. Генетикалық зерттеулер және қазіргі адамның геномын неандертальдар мен денисовтардың геномымен салыстыру – Homo-ның күрделі тарихын ашып берді. Бұл зерттеулерге неандертальдықтар мен денисовтардың геномын ашқан Макс Планк қоғамының эволюциялық антропология институтының профессоры Сванте Паабо (Svante Pääbo) айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі адамның геномын неандертальдар мен денисовтардың гендерімен салыстыру олардың популяция мөлшерін, ежелгі адамның әртүрлі топтарының қозғалу жолдары мен ұзақтығын, олардың өзара әрекеттесуі мен биологиялық будандасуын ашуға мүмкіндік берді. Еуразиядағы қазіргі адамдардан неандертальдық гендердің ізі, ал Азия мен Океанияда денисовтықтардың ізі байқалды. Антропологтардың зерттеулеріне сәйкес, Homo sapiens-тің өмір сүруі тілдің дамуы мен үлкен топтарға бірігіп, қарым-қатынас жасаумен байланысты және жетпіс мың жыл бұрын жүзеге асырылған
когнитивтік революцияға негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-16

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шварц, К., & Сорокин M. (2023). Адам геномы – Homo sapiens эволюциясының кілті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 134(1), 38–45. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-134-1-38-45

Журналдың саны

Бөлім

Статьи