«Агробионов» препаратын енгізген кезіндегі кәдімгі қара топырақтың микрофлорасы, қоректену элементтерімен қамтамасыз етілуі және жаздық бидайдың өнімділігі
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
кәдімгі қара топырақ, жаздық бидай, «Агробионов» препараты, микрофлора, гумус, микроэлементтер, өнімділікАңдатпа
Мақалада «Агробионов» препаратын енгізген кезде кәдімгі кара топыраңтың микрофлорасы, микробиологиялық белсенділігі және қоректену элементтерімен қамтамасыз етілуі жайлы зерттеу нәтижелері келтіріледі. Зерттеудің мақсаты кәдімгі кара топырақтың биологиялық қасиеттері, қоректену элементтерімен қамтамасыз етілуі және жаздық бидайдың өнімділігі бойынша препаратты енгізу мөлшеріне агро-экологиялық баға беру болып табылады. Топырақтың микробиологиялық белсенділігі зығыр матасынан жасалған төсемшелерді аппликациялау әдісімен анықталды. Микроорганизмдердің келесі тобы зерттелді: азоттың органикалық қосылыстарын утилизациялайтын бактериялар: минералдық азотты тұтынатын микроорганизмдер; олигонитрофилдер; минералды фосфаттарды тасымалдаушы бактериялар: целлюлоза бұзғыш микроорганизмдер; нитрификаторлар; саңыраукұлақтар. Зерттелетін препарат микробиологиялық белсенділікті, микроорганизмдердің жалпы санын, оның ішінде, агрономиялық құнды микроорганизмдерді, топырақтың жеңіл гидролизденетін азотпен қамтамасыз етілуін және жаздық бидайдың өнімділігін арттыратындығы анықталды.