Тары өсімдігінің Аgrobacterium-жанама трансформациясының параметрлерін оңтайландыру


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А.Т. Жұмабек ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы»
  • Е.М. Раманкулов ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы»

Кілт сөздер:

Agrobacterium – жанама трансформациясы, жасуша культурасы, тары өсімдігі, тікелей емес регенерация, эмбриогенді каллус

Аңдатпа

Тары өсімдіктерін (Panicum virgatum L.) агробактерия көмегімен трансформациялаудың қарапайым және тиімді әдісі жасалып оңтайландырылды. Зерттеудің мақсаты Alamo, Forestburg, Pathfinder, Shawnee және Trailblazer сұрыптарындағы тары өсімдігінің Agrobacterium – жанама трансформация жағдайларын оңтайландыру болды. Генетикалық трансформация үшін тары өсімдігінің эмбриогендік каллустары қолданылды. Вируленттілік генінің индукторының, сурфактанттың әсерін зерттеу нәтижесінде, бактериялар суспензиясының оптикалық тығыздығы және ко-культивация
уақыты анықталды, нәтижесінде қоректік ортада силвет-L77 бар ацетосирингон, бактериялық суспензияның оптикалық тығыздығы 0.6 және 8 күндік ко-культивациялау тарының эмбриогенді каллустарының Agrobacterium – жанама трансформациясы үшін оңтайлы екендігі анықталды. Алынған нәтижелер тары өсімдігінің трансгенді өсімдіктерін құрудың негізін қалайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-04

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жұмабек, А., & Раманкулов, Е. (2025). Тары өсімдігінің Аgrobacterium-жанама трансформациясының параметрлерін оңтайландыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 133(4), 32–43. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/674

Журналдың саны

Бөлім

Статьи