Жұмсақ жаздық бидайдың құрғақшылыққа төзімді регенерант өсімдіктерін алу
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
жасуша селекциясы, регенерант өсімдіктер, құрғақшылыққа төзімділік, жаздық бидай линияларыАңдатпа
Астық сапасынын төмендеу себептерінің бірі - Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларының өзгеруі. Оларға биоценоздағы рационалды емес пайдаланудың және экологиялық тепе-тендіктің бұзылуы нәтижесіндегі құрғақшылық пен аяз, желдің күшеюі және топырақтың деградациялануы (тұздылық, құрғақшылық) фонындағы климаттық өзгерістің әсерлерін жатқызамыз. Жұмыстың мақсаты in vitro жағдайында құрғақшылыққа төзімді жұмсақ жаздық бидайдың регенерант өсімдіктерін алу және көбейту. Жұмсақ жаздық бидайдың 10 отандық сұрыпы in vitro жағдайына енгізілді. Жасушалық селекцияны жүзеге асырған кезде бидайдың морфогендік каллус ұлпалары селективгі агенттердің оңтайлы конценграциясын қосып, қоректік ортада өсірілді: полиэтиленгликоль 6000 - 5%; маннит - 2%; МаСІ - 0,5%. Бидай генотиптерінің регенерациялану қабілеті анықталды. Жоғары морфогенетикалық потенциал көрсеткіші 2% маннит пен 5% полиэтиленгликоль қолданылуы арқылы алынған 10 сұрыпта анықталды. Олардың морфогенетикалық көрсеткіштері 44,2% және 38,9% құрды және олар-дың in vitro құрғақшылыққа бейімделу қабілегін сипаттайды. К0-К1 регенерант өсімдіктердің тұқымдықдары алынды. Маннит 2%, NaCl 0,5% және полиэтиленгликоль 5% селективгі агенттерін пайдалану арқылы алынған регенерант өсімдіктерінің құрылымдық талдауы жүргізілді. Тәжірибелер нәтижесінде, құрғақшылыққа төзімді регенерант өсімдіктер таңдалып, олардың R1 ұрпағы алынды.