Сирек және жойылып бара жатқан Іле (Berberis iliensis) және Қарқаралы (Berberis karkaralensis) бөріқарақаты түрлерінің in vitro өсіру жағдайларын оңтайландыру


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • В.К. Каримова РМК «Ұлттық биотехнология орталығы»
  • Б.Н. Бақтыбай РМК «Ұлттық биотехнология орталығы»
  • Г.К. Магзумова РМК «Ұлттық биотехнология орталығы»
  • Ж.Т. Сартаев РММ «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк»
  • А.А. Иманбаева РМК «Маңғышлақ эксперименталды ботаникалық бағы» ҚР БҒМ ҒК
  • А.А. Какимжанова РМК «Ұлттық биотехнология орталығы»

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-132-3-43-56

Кілт сөздер:

Berberis iliensis, Berberis karkaralensis, in vitro, мультипликация, тамырлану, микроклонды көбейту

Аңдатпа

Қазіргі кезде көптеген тірі организмдерге климаттың өзгеруі мен антропогендік әрекеттер кері әсерін тигізуде, бұл олардың санының азаюына алып келеді. Осы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан бөріқарақат түрлеріне Іле (Berberis
iliensis) және Қарқаралы (Berberis karkaralensis) жатады. Бұл жұмыс сирек кездесетін және жойылып бара жатқан Іле және Қарқаралы бөріқарақаттарының in vitro өсіру жағдайлары оңтайландыруды зерттеуге арналған. Іле және Қарқаралы бөріқарақаттарының қолтық бүршіктерін in vitro жағдайында енгізу үшін 0,5% «Доместос» ертіндісімен өңдеу тиімді зарарсыздандыру болып табылады, ондағы өңдеу экспозициясы 7 минутты құрады. Бөріқарақаттың екі түріндегі қолтық бүршіктерінің негізгі өркендер регенерациясының индукциясы үшін бензиламинопурин 0,5 мг/л, гиббереллин қышқылы 1,0 мг/л және индолилмай қышқылы 0,01 мг/л қосылған Мурасиге және Скуг қоректік ортасы оңтайлы болды, онда регенерация Іле бөріқарақаты бойынша 80%, ал Қарқаралы бөріқарақаты бойынша 70%-ды құрады.
Іле бөріқарақат микроөркендерін мультипликациялау үшін бензиламинопурин 0,75 мг/л мөлшері қосылған Кворина-Лепуавра қоректік ортасы оңтайлы болды, ондағы микроөрендер саны 3,6 дананы құрады.
Микроклонды көбейтудің қиын кезеңдерінің бірі - микроөркендерді тамырлату болып табылады. Қарқаралы бөріқарақаты микроөркендерінің тамырлануы үшін индолилмай қышқылының 1,5 мг/л мөлшері қосылған макротұздар құрамы екі есе азайтылган Мурасиге және Скуг қоректік ортасында пайда болды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-10

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каримова , В., Бақтыбай, Б., Магзумова , Г., Сартаев, Ж., Иманбаева, А., & Какимжанова, А. (2025). Сирек және жойылып бара жатқан Іле (Berberis iliensis) және Қарқаралы (Berberis karkaralensis) бөріқарақаты түрлерінің in vitro өсіру жағдайларын оңтайландыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 132(3), 43–56. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-132-3-43-56

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)