Бетулин туындыларының ісікке қарсы белсенділігін компьютерлік талдау
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-132-3-57-68Кілт сөздер:
бетулин, бетулин қышқылы, бетулин диацетаты, аллобетулин, in silico, PASS, Molinspiration, OSIRIS Property Explorer, Липинский ережесіАңдатпа
Мақалада бетулиннің әртүрлі туындыларын қолдануға шолу жасалады. Сондай-ақ, бетулин, бетулин қышқылы, бетулин диацетаты, аллобетулинолды in silico зерттеу нәтижелері ұсынылған. In silico талдау үшін PASS, Molinspiration, OSIRIS бағдарламалары қолданылды. Зерттеулер көрсеткендей, барлық болжамдарды жинақтағаннан кейін бетулин мен бетулин қышқылы ісікке қарсы препараттарды алу үшін тиімді және белсенді туындыларды алу үшін перспективалы құрылым болып табылады. Бетулин диацетаты көптеген теориялық жағдайларға сәйкес келеді, бірақ тітіркендіргіш агент ретінде әсер
етудің жоғары ықтималдығын көрсетеді. Ол сондай-ақ, Липинский ережесіне ең аз сәйкестікті көрсетеді. PASS болжамын талдау негізінде зерттелген барлық құрылымдар жаңа жоғары тиімді ісікке қарсы препараттарды алу үшін негіз ретінде пайдалану үшін айтарлықтай әлеуетке ие.