Салицил қышқылы және оның биотикалық стреске өсiмдiктердiң индуцирленген тұрақтылығындағы рөлi
Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-131-2-8-14Кілт сөздер:
салицил қышқылы, резистенттiлiк, гиперсезiмтал жауап, жүйелi пайда болған резистенттiлiк, антиоксиданттық ферменттер, метилсалицилатАңдатпа
Салицил қышқылы фитопатогендерге қарсы өсiмдiктердiң қорғаныш сигналдарының пайда болуы мен тасымалдауында маңызды рөл атқаратын табиғи сигналды молекула болып табылады. Салицил қышқылы қорғаныш гендердiң экспрессиясын модуляциялау және соның арқасында антиоксиданттық ферменттердiң белсендiлiгiн өзгерте отырып, өсiмдiктердiң қорғаныш реакцияларымен байланысты тотығу процестерiн реттей алады. Бұл мақалада өсiмдiктердiң иммунитетiнде салицил қышқылының қызметi туралы мәлiмет беретiн зерттеулер қарастырылған.