Ион алмасушы сорбенттердiң және көмiр күлiнiң арпа өсiмдiктерiнiң (Hordeum vulgare L.) тұз күйзелiсi жағдайларындағы төзiмдiлiгiне әсерi


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Д.С. Мухамеджанова Назарбаев зияткерлiк мектебi
  • И.В. Аксенова Назарбаев зияткерлiк мектебi
  • Б.Б. Ильясова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.Т. Омаров Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-131-2-43-53

Кілт сөздер:

сорбенттер, ион алмасушы шайыр, тұз күйзелiсi, тұзға төзiмдiлiк, альдегидоксидаза, каталаза, супероксиддисмутаза, Hordeum vulagre L.

Аңдатпа

Сорбенттердiң әркелкi заттарды бiр-бiрiне қосу қабiлетi оларды өнеркәсiптегi фильтрация және техникалық сұйықтықтарды тазалау үрдiстерiнде қарқынды қолданылуының себебi болып табылады. Қазiргi шақта, көктемгi арпа өсiру модельдi жүйесi қолданыла отырылып, сорбенттердiң ортадан артық зиянды тұздарды жою, яғни, қорғаныс эффектiсi зерттелдi және дәлелдендi. Тұздалған ортада сорбенттердiң қатысуымен, Hordeum vulgare L. өсiмдiгi қалыпты өсуi мен дамуын, альдегидоксидаза, каталаза және супероксидисмутазаның шамалы белсендiлiгiн көрсеттi. Ион алмасушы сорбенттер зиян тұздардың иондарын сiңiрiп ғана қоймай, өсiмдiктерге сiңiрiлген иондардың санымен бiрдей мөлшерде өсiмдiктерге зиянсыз иондар бөлу арқылы Na + -тың жасушаларға өтуiн болдырмайды деген болжам қалыптасқан едi. Бұл механизм тәжiрибелi үлгiлерден қатты сезiмтал жауаптың жоқ болуын және тотығу күйзелiсiнiң әлсiз болуын түсiндiредi. Көмiр күлi тұздану жағдайларында мелиорант ретiнде қолданылған. Тәжiрибелi үлгiлер құрғақ салмақ жинаудан минималды қиыншылық көрсеттi. Көмiр күлi деградацияға ұшыраған жерлердiң топырағының биологиялық және химиялық жағдайын жақсарта алатын, перспективалы мелиорант ретiнде бола алатындығы қорытындыланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-11

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мухамеджанова, Д., Аксенова, И., Ильясова , Б., & Омаров , Р. (2025). Ион алмасушы сорбенттердiң және көмiр күлiнiң арпа өсiмдiктерiнiң (Hordeum vulgare L.) тұз күйзелiсi жағдайларындағы төзiмдiлiгiне әсерi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 131(2), 43–53. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-131-2-43-53

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)