Ірі қара көңінде таралған Streptomyces тұқымдасына жататын актиномицеттердің түрлері және олардың жаздық бидай өскіндерінің өсуіне әсері


Қаралымдар: 217 / PDF жүктеулері: 111

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-151-2-8-27

Кілт сөздер:

актиномицеттер, ірі қара көңі., бидай, қоректік орталар, өсуді ынталандыру қасиеттері

Аңдатпа

Бұл мақалада ірі қара көңінен бөлініп алынған актиномицеттердің морфологиялық белгілері, сондай-ақ олардың генотиптеу және жаздық бидайдың өскіндеріне қатысты өсуді ынталандырушы қасиеттерін бағалау нәтижелері ұсынылған. In vitro жағдайында Streptomyces macrosporeus шт.№32, Streptomyces albogriseolus шт.№37, Streptomyces pratensis шт.№24, Streptomyces griseorubens шт.№34 және Streptomyces flavofuscus шт.№38 штамдарымен тұқымдарды инокуляциялау жүргізілді. Нәтижесінде, осы микроағзалардың өсімдіктердің өсуін жоғары тиімділігі анықталды. Str. albogriseolus шт.№37 және Str. flavofuscus шт.№38 штамдарының культуралық фильтраттарымен тұқымдарды өңдеу 100% өнуін қамтамасыз етті, бұл аталған штамдардың жоғары биологиялық тиімділігін көрсетеді. Кейбір штамдар тамыр жүйесінің дамуын тиімді ынталандырса, басқалары тұқымдардың өнуін арттырды немесе цитокининдер синтездеу қабілетін көрсетті. Мысалы, Str. pratensis шт.№24, Str. griseorubens шт.№34, Str. albogriseolus шт.№37 және Str. flavofuscus шт.№38 штамдарының суспензиясымен бидай тұқымдарын өңдеу айтарлықтай өнгіштігінің артуына әкелді. Тамырлардың максималды ұзындығы 1,8 есе, ал өскіндердің ұзындығы бақылаумен салыстырғанда 3,3 есе артты, бұл аталған штамдарды агрономияда пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Өскіндердің дамуына ең айқын әсерді Str. flavofuscus шт.№38, Str. albogriseolus шт.№37 және Str. griseorubens шт.№34 штамдары көрсетті, ал максималды өскін ұзындығы Str. flavofuscus шт.№38 штамымен үнделген кезде болды, бұл оның жоғары өсуді ынталандырушы белсенділігін көрсетеді. Тамырлардың өсуін ынталандыру үшін Str. albogriseolus шт.№37 және Str. flavofuscus шт.№38 штамдары оңтайлы болып, тамырлардың ұзындығын бақылаумен салыстырғанда 1,7 есе арттыруды қамтамасыз етті. Осы орайда Streptomyces sp. штамдарын биопрепараттар негізі ретінде пайдалану экологиялық таза ауыл шаруашылығы үшін перспективті бағыт болып табылады.

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Науанова, А. ., Қонқыбаева, А. . ., Ерпашева, Д. ., Оңғарбай, А. ., & Аманжолова , А. (2025). Ірі қара көңінде таралған Streptomyces тұқымдасына жататын актиномицеттердің түрлері және олардың жаздық бидай өскіндерінің өсуіне әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 151(2), 8–27. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-151-2-8-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи