Жасөспірімдер депрессиясының ЭЭГ маркерлері


Қаралымдар: 28 / PDF жүктеулері: 18

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-8-23

Кілт сөздер:

депрессия, жасөспірімдер, тұлғалық ерекшеліктер, диагностикалық тесттер, биомаркерлер

Аңдатпа

Бүгінде депрессия ең кең таралған психикалық аурулардың бірі болып табылады. Ол көңіл күйдің бұзылуымен, өмірге және күнделікті іс-әрекеттерге деген қызығушылықтың жоғалуымен сипатталады, сондай-ақ басқа да бірнеше симптомдармен қатар жүреді, бұл ақыр соңында жұмысқа қабілеттілікке және жалпы денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, депрессия мен суицидтік ойлардың және әрекеттердің жоғары қаупінің арасында дәлелденген байланыс бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 280 миллион адам депрессиядан зардап шегеді. Сонымен бірге, соңғы он жылда жастар арасындағы депрессия көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Жасөспірімдік кезең елеулі психологиялық өзгерістермен қатар жүреді және олар мидың нейробиологиялық жетілу процестерімен тығыз байланысты. Бұл өзгерістер депрессивті жағдайлардың дамуына осалдықты арттыруы мүмкін, сондықтан осы мәселені терең зерттеу қажеттілігі артып отыр. Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесінде Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы депрессияға қатысты психофизиологиялық зерттеулердің іс жүзінде жоқ екені анықталды, бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан. Жасөспірімдердегі депрессияны зерттеудің әртүрлі әдістемелік тәсілдерімен қатар, біз аталған бұзылысы бар жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктеріне психометриялық бағалау жүргіздік. Эмпирикалық зерттеу барысында эмоционалдық күйлерді түсіну параметрлері мен жағымды және жағымсыз аффект арасындағы байланыстар анықталды. Жасөспірімдердегі депрессия олардың тек жағымсыз эмоцияларды түсінуіне ықпал етеді, сонымен қатар оң эмоционалдық тәжірибелерді реттеу қабілетінің төмендеуіне әсер етеді. Алынған нәтижелер жасөспірімдердегі депрессияны ерте диагностикалау және түзету әдістерін әзірлеуде, сондай-ақ тиімді психологиялық көмек көрсету стратегияларын құруда пайдалы болуы мүмкін.

Жүктеулер

Скачать XML

Жарияланды

2025-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Искакова, Д. ., Петренко, Д. ., Камзанова, А. ., Жолдасова, М. ., Нұрманбетова, А. ., & Кустубаева, А. . (2025). Жасөспірімдер депрессиясының ЭЭГ маркерлері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 153(4), 8–23. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-8-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи