Стрептозотоциндік диабеттің ағымына иондаушы сәуленің әсерін егеуқұйрықтардың иммунологиялық және биохимиялық жағдайын талдау арқылы зерттеу
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 9
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-20-38Кілт сөздер:
2 типті қант диабеті, стрептозотоцин, γ-сәулелену, метаболизм, иммунитет, оксидативті күйзелісАңдатпа
Бұл зерттеуде стрептозотоцинмен индуцирленген 2 типті қант диабеті мен иондаушы γ-сәулеленудің егеуқұйрықтар организміне жеке және қосарлы әсерлері зерттелді. Метаболикалық, иммунологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің динамикасы бағаланды. Зерттеу нәтижесінде әрбір фактор — стрептозотоцин де, γ-сәулелену де - гипергликемия, инсулин секрециясының төмендеуі және антиоксиданттық қорғаныс жүйесінің әлсіреуін туындататыны анықталды. Бұл факторлардың бірлескен әсері кезінде аталған патологиялық өзгерістер күшейе түсті: қандағы глюкоза мен липидтердің асқын тотығу өнімдері деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы, инсулиннің төмендеуі тіркелді. Иммундық жүйе тарапынан да елеулі бұзылыстар анықталды: лейкоциттер санының, Т-лимфоциттер мен Т-хелперлердің, иммунорегуляторлық индекс көрсеткішінің төмендеуі, фагоцитоздың әлсіреуі және айналымдағы иммундық кешендер деңгейінің азаюы байқалды. Ең айқын өзгерістер стрептозотоцин мен γ-сәулеленудің қосарлы әсері жағдайында тіркеліп, олардың зақымдаушы әсерінің синергиялық сипатын көрсетті. Алынған нәтижелер бұл эксперименттік модельдің метаболикалық және радиациялық факторлармен байланысты иммун тапшылығының патогенезін зерттеу үшін, сондай-ақ иммуномодуляторлық және радиопротекторлық әсері бар препараттардың тиімділігін бағалау үшін жоғары ғылыми маңыздылығын көрсетеді.Жарияланды
2025-09-30
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ильдербаев, О., Мутиг, К. ., Узбеков, Д. ., Жармаханова, Г. ., Ильдербаева, Г. ., & Сембаева, Ж. . (2025). Стрептозотоциндік диабеттің ағымына иондаушы сәуленің әсерін егеуқұйрықтардың иммунологиялық және биохимиялық жағдайын талдау арқылы зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 152(3), 20–38. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-20-38
Журналдың саны
Бөлім
Статьи






