Картоп өсiндiсi жасушаларының морфогенетикалық үрдiстер ерекшелiктерi
Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 11
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-130-1-23-30Кілт сөздер:
картоп, эксплант, in vitro, каллус, тiкелей регенерация, тiкелей емес регенерацияАңдатпа
Регенерация үрдiсiн жоғарылату үшiн in vitro жағдайында өсу реттегiштерiнiң оңтайлы комбинациясын таңдаудың маңызы зор. Мақалада зерттеу нысаны ретiнде отандық картоптың екi сұрыпы алынды: Астаналық және Памятник Кунаева. Аталған сұрыптар in vitro жағдайында каллус түзу және регенерация қабiлетi бойынша ерекшелендi. Зерттеу нәтижесiнде, құрамында 10 мг/л гиббереллин, 1,0 мг/л транс-зеатин және 0,1 мг/л индолил
сiркесу қышқылы қосылған қоректiк орта тiкелей регенерация үшiн тиiмдi екендiгi анықталды. Зерттелген сұрыптардың сабақ экспланттарынан каллус түзу қабiлеттiлiгi құрамы 0,5 мг/л кинетин және 2,0 мг/л 2,4-Д бар және 2,0 мг/л кинетин және 1,0 мг/л 2,4-Д болатын МС қоректiк орталарда 100% көрсеткiшке ие болды. Сабақ экспланттарынан каллус түзiлу жиiлiгi құрамында 0,5 мг/л БАП және 2,0 мг/л 2,4-Д бар МС қоректiк ортада Памятник Кунаева мен Астаналық сұрыптары үшiн сәйкесiнше 68,0% және 43,0% көрсеттi. Картоп түйнегiнiң
түзiлуiне құрамында 0,5 мг/л кинетин және 1,0 мг/л аскорбин қышқылы бар МС қоректiк орта оңтайлы болды. Зерттеу нәтижесiнде, Астаналық сұрыпының in vitro жағдайында жоғары регенерациялық қабiлетiлiгi, микротүйнектер түзiлуге арналған қоректiк ортаның нұсқасы анықталды.






